Орал қаласында ХҚО жұмысы қайта жанданды

4 мамырдан бастап Орал қаласы бойынша ХҚО-ның бір бөлімі  қайтадан жұмыс істей бастады. Бұл туралы шешімді  әкімдік жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штабы қабылдады.

Қала тұрғындары 4-шағын аудан, 28 «Ural Car City» ғимаратындағы  ХҚО-ға жүгіне алады. Жұмыс кестесі: 09:00-ден 17:00-ге дейін

Алайда вирустың таралу қаупі мен қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды.

Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.

        - Енді оралдықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады.

- Қызмет алушылардың шоғырлануын және короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы кезекті брондау қажет.

Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

«Орал қаласының №1 ХҚО бөлімінде 120-дан астам қызметкер жұмысын бастады. Біздің ХҚО республика бойынша Нұр-Сұлтан, Ақтау, Қарағанды қалаларымен бірге алғашқылардың бірі болып жұмыс істей бастады. Тұрғындардан ХҚО-ға барар кезде бетперде киюін сұраймын», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО филиал директоры Марат Бассаров.

Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.

Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретін болады.

ХҚО-ға кезекті 1414 және https://egov.kz/services/SR.06/#/ арқылы беруге болады.

 

Дата публикации
04 мая 2020