
Қазақстандықтар карантин басталғалы бері ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 76 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Батыс Қазақстан облысы бойынша 6 мыңнан астам дайын құжат берілді. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген, қалған бөлігі – ХҚО жабылғанға дейін.
Естеріңізге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтар үшін бұдан бұрын өтініш берілген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берілген қызметтер бойынша дайын құжаттарды алып кетуге болатын бірыңғай терезені іске қосты. Бұл үшін әр қала мен аудандарда бір-бір ХҚО белгіленген болатын.
Дайын құжаттарды көбіне Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының тұрғындары алған.
"БҚО-да 26 наурыздан 29 сәуірге дейін 1750 куәлік, 594 паспорт, 258 жүргізуші куәлігі, сонымен қатар басқа да 1341 құжат түрі берілді. Соның ішінде АХАТ құжаттары, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары берілді" - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО филиал директоры Бассаров Марат.
Бұл ретте, ТЖ басталғалы бері қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы 10,5 млн жуық қызметті онлайн түрде алған.
Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.
Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін мына жерден көруге болады: https://gov4c.kz/ru/novosti/2020/03/27/po-odnomu-tson-v-kazhdom-gorode-budut-rabotat-kak-okno-vydachi-gotovykh-dokumentov/