Қаратөбе ауданы ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2022 жылдың 29 мамырға Қаратөбе ауданында сайлау тағайындалсын:
- Қоскөл ауылдық округінің әкімі сайлауы.
- 2022 жылдың 29 мамырға тағайындалған Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінде жариялансын.
Қаратөбе аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Б.Жүсіпқали
Қаратөбе аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Ғабдраш