Азаматтардың өтініштерін тіркеу және қарау тәртібі туралы

 

Азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді әдістерін жетілдіру бойынша Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты тарапынан Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі Заң) аясында кең ауқымда түсінік береміз.

Осы заңның 7-бабы 1-тармағына сай келіп түскен өтініштерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

Сондай-ақ, келіп түскен өтініш кеңседе тіркеліп, осы заңның 6-бабы 3-тармақшасына сай өз кезегінде тiкелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

Сондай-ақ, Заңның 8-бабына сай келіп түскен өтінішті қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн болса жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Өтініш немесе арызды қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн болса жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Егер өтiнiште немесе арызда баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап ететін болса, мекеме басшысы немесе оның орынбасары өтінішті қарау мерзімін ұзартып, өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш иесіне хабарланады.

Осы заңның 7-бабы 6-тармағына сай өтініш немесе арыз берушінің өтiнiште қойылған мәселелердi шешу мекеменің немесе лауазымды тұлғаның құзыретiне кiрмейтiн болса, өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi мекемеге жiберiледi, бұл әрекет туралы туралы өтініш немесе арыз берушiге хабарлануы тиіс.

Сондай-ақ, осы Заңның 5-бабы 1-тармағына төмендегіше өтініштер қарауға жатпайды:

1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш;

2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.

Аталған Заңның 12-бабына сай өтініш беруші мекеменің немесе лауазымды тұлғалардың берген жауабына, iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне),  қанағаттанбаған жағдайда жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе мекемеге үш айдан кешiктiрмей шағым беруге құқылы.

Дата публикации
20 февраля 2020