Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну бойынша конкурс өткізу туралы хабарламалары 2022 жылдың 22 ақпандағы Қаратөбе аудандық "Қаратөбе өңірі" қоғамдық-саяси газетінің №8 (7485) және 2022 жылдың 1 наурызында №9 (7486) сандарында жарияланып, 2022 жылдың 14 сәуір және 21 сәуірде конкурс өтуі жоспарланған болатын.
Ағымдағы жылдың сәуір айында аудан аумағында тасқын судың келеңсіздік туғызуына байланысты конкурс ауыстырылғандығын хабарлайды. Конкурс өткізу күні мен уақыты қосымша хабарланады.
Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімі