Іс-шара туралы ақпарат

"Қысқызығы" атауымен үйірме оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тауда сырғанау ойыны мен көңілді флешмоб ұйымдастырылды. Балалар уақытты қызықты өткізіп, жақсы көңіл күймен тарқасты.

 

Мұхит атындағы ЖОББМ-де «Ұшқыр ой» тақырыбында дебат ойындарынан мастер-класс өткізілді. Дебат - оқушының ой-өрісін, логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, коммуникативті сөйлеу дағдысын дамытатындығы белгілі. Осы мақсатта аудандық деңгейдегі дебат ойындарының төрешісі, Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің тілшісі - Амантай Ақылбек Жүсіпбекұлы мектеп оқушыларына дебат ойындары туралы ақпарат бере отырып,  «лидер, спикер, оппозиция, парламент, КВО статусы, диффиниция» сынды терминдерді түсіндіріп берді. Түсінік жұмыстарынан соң, алған білімдерін практикада қолдана білу үшін, оқушыларды қатыстыра отырып, «БП: мектеп оқушылары үшін «Үш тұғырлы тіл саясаты» тиімді деп есептейді» тақырыбында дебат ойналды.

 

Қайырымдылық-ізгіліктің нақты көрінісі,адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. "Қайырымдылық жаса-қайырлы болар әр ісің!" осы мақсатта Үшағаш негізгі орта мектебінің "Шабыт" еріктілер тобының оқушылары ауылымыздың жалғыз басты Мәриям әжейдің үйіне барып қар күреп,үй жайларын жинастырып беріп,көмектесіп қайтты.Игі бастама алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ!

 

Қаратөбе мектеп- гимназиясында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5-7 сынып оқушыларына «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты шара ұйымдастырылды.Бұл жобаның басты мақсаты − оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу, сонымен қатар кітап оқуды насихаттай отырып оқушылардың оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани мәдениетті көтеру болып табылады.Мектептің  әр дәлізінде өткізілген шара форматы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту үшін "Ең үздік", "Поле чудес" сынды тележобалар айдарымен байланыстырылды.Шын талантты кітап сүйер оқырмандар  өздерінің оқыған кітаптарынан кейіпкерлерді қызықты сомдап, достарына оқуға кеңес берді. Шара соңында оқушыларға  "Ең үздік оқырман сынып", "Ең үздік көрініс" және алғыс хаттар табысталды.

Дата публикации
11 февраля 2022