Қаратөбе ауданы бойынша аудан бюджетінің 2020 жылдың 1-ші қаңтарына орындалуы туралы

2020 жылдың 1-ші қаңтарына аудандық бюджеттің барлық түсімдері  есепті кезеңге жоспарланған  4 442 745  мың теңгенің орнына 4 465 152  мың теңге, яғни  100,5 пайызға орындалды. Оның ішінде:

- салықтық түсімдер бойынша есепті кезеңге жоспарланған  351 420 мың теңгенің орнына  360 285,5  мың теңге, немесе  102,5 пайыз;

- салықтық емес түсімдер бойынша есепті кезеңге жоспарланған  10 810 мың теңгенің   орнына  14 294,4  мың теңге, немесе  132,2 пайыз;

- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есепті кезеңге жоспарланған  2 617  мың теңгенің   орнына  4 792,4  мың теңге, немесе  183,1 пайыз;

- субвенция  жоспарланған  2 727 394 мың теңге  100,0  пайыз; 

-ағымдағы трансферттер бойынша жоспарланған 1 127 239  мың теңге 100 пайыз;

-даму трансферттер бойынша жоспарланған 69 359 мың теңге 100 пайыз;

-заңнаманың қабылдауына байланысты ысырапты өтеуге арналған трансферттер бойынша жоспарланған 25 133  мың теңге, 100 пайыз;

 

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі  жоспардың 98,9 пайызға немесе жоспардағы   4 442 745 мың теңге  4 392 579,2  мың теңгеге орындалды . Игерілмеген  қаржы  50 165,8  мың теңге. Соның ішінде;  

  • 68,60% немесе 34 414,9 мың теңге –  РБ бөлінген трансферттер;
  • 10,83 % немесе 5 431,8  мың теңге –  ОБ бөлінген трансферттер;
  • 20,57 % немесе 10 319,1 мың теңге – жергілікті  бюджеттен.

 

  1. Республикалық трансферттер

- жұмысшы кадрлары еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы бойынша (ұлттық қордан бөлінген) есепті мерзімге жоспар 33 938 мың теңге  өтініштердің болмауы;

- мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейту бағдарламасынан 0,9 мың теңге қалдық қаржы;

- ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметшілерінің жалақысын көтеруге есепті кезеңге бөлінген қаржыдан 125,9  мың теңге барлық бөлімдер бойынша қалдық қаржы;

- мелекеттік қызметшілердің жалақысын көтеруге есепті кезеңге бөлінген  қаржыдан 349,1 мың теңге барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша қалдық қаржы;

 

  1. Бюджеттік кредиттер бойынша мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер есепті кезеңге жоспар 82 361,5 мың теңге 100 пайыз игерілді.
  2. 3. Облыстық трансферттер бойынша

- БҚО Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында бір қабатты әкімшілік ғимараттарының құрылысы –5 431,8 мың теңге мердігердің жұмыс жасау кестесінен артта қалуы.

  1. Жергілікті бюджеттен

«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша мердігердің келісім шарт бойынша міндетемелерін орындамағаны үшін сотқа беріліп 10 076 мың теңге игерілмеді.

243,1 мың тенге- қалған бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша қалдық қаржы.

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының  игерілуі

 

Жыл

Көтерме  ақы

Тұрғын  үй  сатып  алуға  арналған  несие

Келген  маман  саны

Берілген  көтерме  ақы

Келген  маман  саны

Берілген  көтерме  ақы

2019

106

18 735,5

25

82 361,5

Барлығы

106

18 735,5

25

82 361,5

Дата публикации
05 января 2020