ХҚО бөлімдерінде "Ashyq" бағдарламасының қолданылуы

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы #22 қаулысына сәйкес облыс аумағындағы барлық ХҚО бөлімдерінде "Ashyq" бағдарламасы арқылы:

-              тек қауіпсіз "жасыл"  мәртебесі;

-              тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері;

-              сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті;

-              соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған азаматтар қабылданады. 

ХҚО бөліміне жолығарда осы өзгерісті ескеруді сұраймыз.

Сондай-ақ, 645 (93,4%) мемлекеттік қызметті eGov порталы арқылы  және  120-дан астам мемлекеттік қызметті eGov mobile қосымшасы арқылы онлайн түрде алуға болатынын естеріңізге саламыз.

Дата публикации
26 января 2022