We present to your attention the instructions for re-registration of the car through the Kaspi application.

АВТОКӨЛІКТІ САТУШЫ: қосымшаның "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде "Автомобильді қайта ресімдеу" - "Көлікті есептен шығару" батырмаларын басу қажет. Сатып алушының мәліметтерін және көліктің құнын көрсету керек. Егер сатушы өзінің мемлекеттік нөмірін өз атына уақытша сақтауға қалдырғысы келсе, тиісті (иә/жоқ) белгіні қою керек. Өтінішке Kaspi электрондық қолтаңбасымен қол қою ғана қалады. Сондан соң сатушыға автокөліктің есептен шығарылуы туралы смс-хабарлама келіп түседі.

АВТОКӨЛІКТІ САТЫП АЛУШЫ: "Автомобильді есепке қою" қызметін таңдап, автокөлікті сатып алу сомасын енгізіп, көлік деректерін тексереді. Мемлекеттік нөмір мен техпаспортты алатын Мамандандырылған ХҚО бөілімінің мекенжайын көрсету қажет. Рәсім өтінішке қол қоюмен және қажетті баж салығын төлеумен аяқталады. Үш сағат ішінде Kaspi мәміленің нәтижесі туралы хабарлама жібереді. Ал біздің жағдайда құжаттар 1 сағат ішінде рәсімделді.

Дата публикации
25 октября 2021