15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейн елімізде емхананы еркін таңдау науқаны өтуде.

🏥Жыл басынан бері @eGov.kz порталы арқылы емханаға тіркелу үшін 1 897 088 азамат онлайн өтінім берген.

egov.kz порталы арқылы емханаға тіркелуге өтінім беру үшін:

1️⃣Тек авторланудан өту қажет;

2️⃣Электрондық өтінімді толтыру керек;

3️⃣Көрсетілген қызмет нәтижесі жеке кабинетіңізге жіберіледі.

 

🚑Тіркелу науқаны және емхананы еркін таңдау мүмкіндігі барлық қазақстандықтарға консультациялық-диагностикалық қызметтерге жолдаманы, ауруханаға жатуды, кез келген жоспарлы медициналық көмекті және т.б. қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық медициналық көмек түрлерін алуға құқық береді.

Дұрыс таңдау жасап, денсаулығыңызды сақтаңыз!🙌🏻

Дата публикации
25 октября 2021