В Западном Казахстане проживают более 90 тысяч пенсионеров

Халықаралық қарттар күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы зейнетақы төлемдерін алатын зейнеткерлер жөніндегі мәліметпен бөлісті. Бүгінде Қазақстанда 2,2 млн зейнеткер бар. Оның ішінде 90 323 зейнеткер Батыс Қазақстанда тұрады.

 «Халықаралық қарттар күні мерекесі үлкендерді құрметтеп, аталар мен әжелерімізге көңіл бөлуге шақырады. Мемлекеттік корпорация зейнет жасындағы қызмет алушыларға қашан да көп көңіл бөлуге тырысады. Бізде зейнеткерлердің үйіне барып қызмет көрсететін мобильді ХҚО бар. Әр бөлімде зейнеткерлер кезек күтпестен Мемлекеттік қызметтерді ала алатын жеңілдік терезесі бар. Сонымен қатар осы мерекеге орай біз зейнетке шыққан ардагер әріптестерімізді қонақ қылып, әңгіме-дүкен құрып, облыстық өлкетану мұражайына апарып, концерттік бағдарламамен көңілдерін бір серпілтіп, жылулық сыйлауға тырыстық», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Қазір зейнетке шығу үшін ХҚО-ға жүгіну қажет. Ол үшін болашақ зейнеткер келесі құжаттарды өткізеді: жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш, жеке куәлік және оның көшірмесі, табысы және зейнетақы төлемдері туралы анықтама (жұмыс беруші немесе Мемлекеттік кіріс органы береді), еңбек кітапшасы немесе еңбек өтілін растайтын басқа да құжаттар. Жағдайға орай өзге де құжаттар сұратылуы мүмкін – Білімі туралы диплом, әскери билет, неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері және басқалар. Егер зейнетке шығушының мүгедектігі болса немесе жауынгерлік іс-қимылдарға қатысса, ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрса, «қандас» мәртебесі болса, растайтын құжаттар қосымша ұсынылуы тиіс.

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін ХҚО-ға зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын жүгіну қажет.

2021 жылы Қазақстанда ерлер үшін зейнеткерлік жасы – 63 жас, әйелдер үшін – 60 жас.

 

Дата публикации
25 октября 2021