Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылдың IІІ тоқсанында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша мәліметтер:
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес 8 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен 7 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 1660 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері арқылы – 1144 қызмет;
-«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы –265;
-«Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Лицензиялау» арқылы электронды түрде – 251 қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде 43 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды.
Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері арқылы:
|
Барлығы |
Қағаз түрінде |
Электронды түрде (АЖ арқылы) |
Баламалы қызмет түрлері |
||||
|
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
|
1144 |
0 |
0 |
0 |
1144 |
0 |
|
0 |
І Бақылау шаралары бойынша:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу іс-шараларының жоспары бойынша 2021 жылдың III тоқсанында «Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-не ішкі бақылау іс-шарасы өткізілді. Бақылау шаралары «Егіндікөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де және «Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ -і бойынша төмендегі кемшіліктер орын алды.
-«Егіндікөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де жүргізілген ішкі бақылау кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.
«Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ -і бойынша анықталған кемшіліктер:
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды сұрату фактілердің болмауы бойынша:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5-бабына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерді алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Тексеріс барысында қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды сұратудың 2 фактісі анықталды.
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларының 2-тарау, 11 тармағына сәйкес:
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ЭҮШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады деп көрсетілген.
Алайда, 20.08.2020 жылғы азамат Н.Сахиповтың және 28.06.2021 жылғы Х.Мырзагерейдің берген өтініштерін қабылдау кезінде құжаттарының арасынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің көшірмелері тігілгендігі анықталып отыр.
Көрсетілген қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандарттарымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды құжаттарды сұрату фактілердің болуы бойынша:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5-бабы 2-тармағы
1) тармақшасында қызмет берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуге міндетті екені көрсетілген.
Тексеріс кезінде ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұратудың 1 фактіcі анықталды.
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларына сәйкес қызметті алушы төмендегі қажетті құжаттар тізбесін ұсынуы қажет.
1) порталға:
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру үшін:
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Мемлекеттік корпорацияға:
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру:
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Тексеріс барысында 11.03.2021 жылғы азамат Б.Мусаның берген өтінішінің құжаттарының арасынан «Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне» жазған сұраныс хаты тігілгені анақталып отыр.
ІIІ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс (іс-шаралар жоспарының орындалуы)
Есептік ІІІ тоқсанда қызмет алушылар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты арыз-шағымдар болған жоқ.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің маманымен «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге үнемі бақылау, тексеріс жүргізіліп отыр. Есептік кезеңде белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтің 1 фактісі орын алды.
2021 жылдың 7 шілде күні «Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөліміне Қауан Ершат Сабырұлы (ЖСН 960426350577) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет түріне өтініш тапсырған. 13 шілде күні 1 күнге кешіктіріліп жерге орналастыру жобасын база арқылы кіріске алынып, сол күні орындалды. Көрсетілген кемшіліктердің орын алуына жол бергені үшін бөлімнің бас маманы А.Пазыловаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды7
Есептік кезеңде қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
2021 жылдың ІІІ тоқсанына арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстар.
- Электронды негізде көрсетілетін қызметтерді насихаттау бойынша Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында, әлеуметтік желілерге жарияланымдар жариялануда. (Қосымша жалғанды)
- Ағымдағы жылдың 2 тамыз күні Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы В.Губайдуллина «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін түсіндіру бағытында ZOOM қосымшасы арқылы жиналыс оздырды. (Қосымша жалғанды)
Мемлекеттік қызметтер туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «Қаратөбе Өңірі» газетіне 1 мақала(№35(7460) 31/8/2021ж.) жарияланды.
Сонымен қатар, Қаратөбе ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары Қаратөбе аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.
ІІІ Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер
Қаратөбе ауданы бойынша 8 ауылдық округ әкімі аппараттарында және аудан әкімдігі ғимаратында барлығы 9 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылған. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері – ЭЦҚ алу, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыптпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, соттылықтың бар немесе жоқ болуы туралы анықтама, кредиттік тарих, зейнетақы жарналарынан үзінділер, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұру, кезегін қарау, мемлекеттік кіріс органдарда есебі жүргізілетін берешектің жоқ/бар екендігі туралы анықтама.
Аудан әкімі аппараты,
Ұйымдастыру-бақылау
бөлімінің бас маманы Н.Әділханов