«Қаратөбе аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №37-3 ««2020 - 2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасы

ЖОБА

 

Қаратөбе аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 37-3 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 37-3 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5925 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және                   3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 952 556 мың теңге:

салықтық түсімдер – 400 363 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 30 474 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 330 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 517 389 мың теңге;

2) шығындар – 6 090 891,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 56 977 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 98 181 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 41 204 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 195 312,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 195 312,6 мың теңге:

қарыздар түсімі – 166 172 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 41 204 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 70 344,6 мың теңге.»;

4-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) облыстық бюджеттен жалпы сомасы – 824 715 мың теңге:

Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында бір қабатты әкімшілік ғимаратының құрылысы – 88 947 мың теңге;

Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы «Темірауыл-2» тұрғын кешеніндегі 67 бірпәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз) – 547 974 мың теңге;

жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге – 6 820 мың теңге;

еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 5 964 мың теңге;

мектептерге бейнебақылау жүйесін орнатуға – 1 982 мың теңге;

12 мектепті санитарлық-гигиеналық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге – 41 264 мың теңге;

аз қамтылған отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік көмекті енгізуге, оның ішінде тегін ыстық тамақ беру, оларды оқу құралдарымен және мектеп формасымен қамтамасыз етуге – 4 525 мың теңге;

газ құбырын пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге – 57 499 мың теңге;

аудан мектептерін кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету үшін және жылдамдықты ұлғайтуға – 1 748 мың теңге;

Қаратөбе ауданы  Қаратөбе ауылы Ә.Тоққожин, Ә.Айтқожин көшелерінің автомобиль жолдарын С.Датұлы және М.Нысанов көше жолдарына тоғысуымен қайта жаңғырту – 67 992 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қаратөбе аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
01 мая 2021