"Қаратөбе ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешім жобасы

ЖОБА

 

 Қаратөбе ауданы бойынша қатты

 тұрмыстық қалдықтардың түзілу және

жинақталу нормаларын бекіту туралы

 

            Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 365 – бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
  2.  Қаратөбе аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Ж.Жанғазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                           Мәслихат хатшысы                                                 

 

Қаратөбе  аудандық мәслихатының
2019  жылғы ________№____
шешіміне қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша қатты тұрмыстық

қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

 

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Өлшем бірлігі

ҚТҚ жинақталу нормасы өлшем бірлігіне м3

1

  Жайлы үйлер

Жайлы емес үйлер

 1 тұрғын

 м3/жылына

1,1

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және тағы сол сияқтылар.

  1 орын

1,13

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

 1 орын

-

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

  1 орын

0,4

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері

 1 қызметкер

0,22

6

Емханалар

  1 келуі

0,04

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

  төсек-орын

2,06

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

  1 оқушы

0,13

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

  1 орын

1,16

10

Театрлар, кинотеатрлар, мәжіліс залдары, түнгі клубтар, ойын-сауық орталықтары

  1 орын

0,2

11

Мұражайлар, көрмелер

 Жалпы алаңға м2

0,13

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша   орын

0,13

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңға м2

0,21

14

Дүкендер, супермеркеттер,базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сату алаңға

  м2

  

0,8

15

Машиналардан сату

 Сату орны м2

-

16

Көтерме базалары, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының қоймалары

Жалпы алаңға м2

0,28

17

Халыққа қызмет көрсету орталықтары

Жалпы алаңға м2

0,22

18

Вокзалдар, автобекеттер, әуежайлар

Жалпы алаңға м2

-

19

Жағажайлар

Жалпы алаңға м2

-

20

Дәріханалар

    м2

0,44

21

Автотұрақтар, автокөлік жуу орындары,  жанармай құю бекеттері,  Гараждар

  машина-орын

 

 

 

0,11

22

Автомобиль шеберханалары

  1 жұмысшы

2,3

23

Гараж кооперативтері

  гаражтер 

0,16

24

Шаштараздар, косметикалық салондар

  1 жұмыс орны

0,23

25

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау,тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, Тігін ательесі

Жалпы алаңға м2

0,13

26

Зергерлік, аяқ киім, сағаттар жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңға м2

0,13

27

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және тағы басқалар)

  1 жұмыс орны

0,13

28

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңға м2

0,26

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      м2 - шаршы метр;

      м3 – текше метр.

Дата публикации
11 августа 2021