Хабарлама

2021 жылғы 25 шілдеде Қаратөбе ауданының ауылдық округтері әкімдерінің үш сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қаратөбе ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Аққозы сайлау округі

Аққозы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 402 азамат енгізілді, оның ішінде 364 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –4, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар -5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бисембай. А.С. –112; Мұқанов Қ.И. – 247;

Аққозы ауылдық округінің әкімі болып сайланды Муканов Коныс Изимович, 1961 жылы туған, Аққозы ауылдық округінің әкімі, Аққозы ауылдық округінің Қоржын ауылында тұрады.

 

Жусандыой сайлау округі

Жусандыой ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 620 азамат енгізілді, оның ішінде 483 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–14, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар -3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бакытжанов.Б.Р – 326; Ержанов.Е.Е – 8; Казиев.Т.А. – 146.Жусандыой ауылдық округінің әкімі болып сайланды Бакытжанов Бекболат Рахымгалиевич, 1972 жылы туған, «Бекмұрат» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі, Жусандыой ауылдық округінің Жусандыой ауылында тұрады.

 

Сулыкөл сайлау округі

Сулыкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1175 азамат енгізілді, оның ішінде 990 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–17, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар -7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

М.М.Есендосов -110; Б.Р.Зайнуллин–873.

Сулыкөл ауылдық округінің әкімі болып сайландыЗайнуллин Багдат Рафиғоллаұлы, 1987 жылы туған.Б.Қаратаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры, Саралжын ауылдық округінің Қарақамыс ауылында тұрады.

 

 

Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 июля 2021