Дауыс беру күніне дайындық туралы

1. Аудан бойынша 3 округ бойынша сайлау бюллетеніне 7 кандидат енгізілді (2 округ бойынша 2 кандидат, 1 округ бойынша 3 кандидат)
Сайлау кезеңінде барлығы 8 кандидат ұсынылып, 7 кандидат тіркелді.
Сайлау округтері бойынша сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізілген жоқ. (кандидатураны алып тастау, кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жою, кандидаттарды тіркеу туралы шешімнің күшін жою).
2. Сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз резервімен дайындалып, сайлау учаскелеріне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан нысандар мөрленіп, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
3. Барлық 7 сайлау учаскелерінде Орталық сайлау комиссясының қаулысымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дауыс беруге арналған нысандар жабдықталған.
Барлық учаскелерде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар бар, комиссиялардың құрамы, жоғары тұрған комиссияның, прокуратура және сот органдарының телефондары, дауыс беруге арналған нысандағы мінез-құлық қағидалары, учаскелік сайлау комиссияларының қаулыларымен бекітілген стенділер ресімделген.
Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін дауыс беру кезінде нашар көретіндерге арналған трафареттер (Брайль қарпін пайдалана отырып) жасалып, 7 учаскеде пайдалануға таратылды. Барлық 7 сайлау учаскесінде лупалар бар, аудиороликтер дайындалған .
Учаскелік сайлау комиссиялары мүмкіндіктері шектеулі адамдардың дауыс беруге қатысуына мониторинг жүргізетін болады.
4. Сайлау комиссияларының құрамында 41 мүше бар.
БАҚ-та комиссия құрамы жарияланғаннан кейін 6 мүше кетті.
Осыған байланысты 6 мүше жоғары тұрған комиссиялардың шешімдерімен тағайындалды.
5. Тиісті әкімдердің актілері бойынша берілген сайлаушылар тізіміне 2197 азамат енгізілді.
Сайлаушылар тізімдерін сайлау учаскелеріне бергеннен кейін оларға қосымша 0 сайлаушы енгізілді, 0 алынып тасталды.
6. Аумақтық комиссиялардың дауыс беру уақытын өзгерту туралы шешімдері қабылданған жоқ.
7. Сайлау учаскелерінде Сovid-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу бойынша қажетті шаралар көзделген.
8. АСК-ке сайлау бойынша шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
Сайлау комиссиялары сайлау өткізуге дайын.

Дата публикации
24 июля 2021