2021 жылдың 1-ші шілдесіне аудандық бюджеттің барлық түсімдері есепті кезеңге жоспарланған 1 175 365 мың теңгенің орнына 1 349 159 мың теңге, яғни 114,8 пайызға орындалды. Оның ішінде:
- салықтық түсімдер бойынша есепті кезеңге жоспарланған 224 136 мың теңгенің орнына 280 170,2 мың теңге, немесе 125 пайыз;
- салықтық емес түсімдер есепті кезеңге жоспарланған 3 717 мың теңгенің орнына 5 644,2 мың теңге, немесе 151,8 пайыз;
- негізгі капиталдарды сатудан түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңге жоспарланған 1 614 мың теңгенің орнына 3 412,7 мың теңге, 211,4 пайыз;
- субвенция жоспарланған 358 156 мың теңге 100,0 пайыз;
-ағымдағы трансферттер бойынша жоспарланған 141 852 мың теңге 100,0 пайыз;
-даму трансферттер бойынша жоспарланған 417 881 мың теңге 100 пайыз;
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 1 175 365 мың теңге 1 165 663,8 мың теңгеге орындалды, немесе 99,2. Игерілмеген қаржы 9 700,9 мың теңге. Соның ішінде:
Республикалық трансферттерден 9 146,4 мың теңге
9 127,3 мың теңге мердігердің жұмыс графигінен кешігуіне байланысты игерілмеді.
Облыстық трансферттерден 2,5 мың теңге:
Кресло-коляска – 0,5 мың теңге қалдық қаржы;
Жергілікті бюджеттен барлығы 553,4 мың теңге
Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша 201,4 мың теңге мердігердің жасаған жұмыс туралы актті ұсынбауы;
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілген бюджеттік кредиттер мен көтерме жәрдемақылар.
Бюджеттік кредитке есепті жылға республикалық бюджеттен 87 510,0 мың теңге бөлінді. Жартыжылдықтың жоспары 10 751,0 мың теңге 100 пайыз игерілді, 3 маманға берілді.
Жергілікті бюджеттен есепті жылға 10 102,5 мың теңге бөлінді. Жартыжылдықтың жоспары 3 800,0 мың теңге 100 пайыз игерілді, 2 маманға берілді.
Көтерме жәрдемақы жылдық жоспары 14 194 мың теңге, есепті кезең жоспары 6 710 мың теңгенің 6 709,1 мың теңгесі игерілді, 23 жас маманға берілді.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 47 «Батыс Қазақстан облысы бойынша бәсекелестік ортаға беруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» қаулысы негізінде Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылы жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі ұйымдар тізбесін, яғни «Қаратөбе-2020» ЖШС мен Қаратөбе ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қаратөбе аудандық МКҚ» туралы 2021 жылғы 7 маусымында № 63 қаулысы алынды.
Қазіргі таңда «Қаратөбе-2020» ЖШС –гі 12 024 500 теңгеге бағаланып, сату туралы ақпараттық хабарлама 25 маусымда жарияланды, сауда саттықтың аяқталу күні 13 шілде.
Қаратөбе ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қаратөбе аудандық МКҚ»- ның бағалау есебін 12 шілдеде аяқталады, комиссия отырысы 12 шілдеге, сату туралы ақпараттық хабарлама 13 шілдеге жоспарланды. Сауда саттықтың аяқталу күні 28 шілде.
Аудан бойынша 14 бөлім, 8 ауылдық округі әкімінің аппараты, 2 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсірорны қаржыландырылуда. Ай сайын бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдері негізінде жылдық жоспарларына аудандық бюджет қаражаттарының толық және сапалы игерілуін қамтамасыз ету үшін өзгерістер енгізіліп отырады.
Облыстық мәслихат шешімі және облыс әкімінің қаулысы негізінде аудандық бюджетке түзетулер енгізіліп аудан әкімінің қаулысы алынып, аудан бюджетін нақтылау үшін аудандық мәслихат шешімдерін алып отырмыз.
Әлеуметтік желіде ашық бюджет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында түсінік жұмыстары берілді.
«Ашық бюджеттер» порталында есепті жыл 2021 және жоспарлы кезең 2022-2024 жылдарға бөлім бюджетінің жоспары орналастырылды.