"Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы" қаулы жобасы

Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 15-41/313 ұсынысы негізінде, Сулыкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округінің М.Мақатаев, Б.Аманшин, Ж.Жабаев, А.Құнанбаев көшелерінің тұрғындарының 54 жеке ауласының аумағында және «Игілік-АН», «Әділбек», «Әділғазы», «Тотай» шаруа қожалықтарының аумағында мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
  2. Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 17 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6473 тіркелген, 2020 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Сулыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е.Оразов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
20 мая 2021