"Қаратөбе ауданының кейбір ауылдарының шекараларын (шегін) белгілеу туралы" қаулы жобасы

Қаратөбе ауданының кейбір ауылдарының

шекараларын (шегін) белгілеу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес ауданы 41,1795 гектар, периметрі 2617,29 метр Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі Төлен ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес ауданы 110,5555 гектар, периметрі 4882,28 метр Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі Үшана ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес ауданы 37,5 гектар, периметрі 2500,00 метр Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округі Бесоба ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 4 - қосымшасына сәйкес ауданы 104,81 гектар, периметрі 1038,55 метр Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылдық округі Алакөл ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  5. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 5 - қосымшасына сәйкес ауданы 166,32 гектар, периметрі 5385,90 метр Қаратөбе ауданы Жусандой ауылдық округі Ханкөл ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  6. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 6 - қосымшасына сәйкес ауданы 73,70 гектар, периметрі 3690,90 метр Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі Шалғын ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  7. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  8. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (Р.Иманғалиев) және Қаратөбе аудандық мәслихатының хатшысына (К.Суйеугалиев) жүктелсін.
  9. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
20 мая 2021