Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе
ауданы аумағында ауылдық округі
әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау
округін құру туралы
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” 28.09.1995 жылғы №2464 Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14- бабының 6-тармақшасына, 21-бабының 4-тармақшасына және 22-бабына сәйкес Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1). Аққозы ауылдық округінің әкімі - Аққозы ауылдық округінің шекарасындағы Аққозы сайлау округі;
2). Жусандой ауылдық округінің әкімі – Жусандой ауылдық округінің шекарасындағы Жусандой сайлау округі.
3). Сулыкөл ауылдық округінің әкімі – Сулыкөл ауылдық округінің шекарасындағы Сулыкөл сайлау округі.
Қаратөбе аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Б.Жүсіпқали
Қаратөбе аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Ғабдраш