Қаратөбе ауданы ауылдық
округтері әкімдерінің сайлауын
тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021 жылғы 25 шілдеге Қаратөбе ауданында сайлау тағайындалсын:
- Аққозы ауылдық округінің әкімі сайлауы;
- Жусандой ауылдық округінің әкімі сайлауы;
- Сулыкөл ауылдық округінің әкімі сайлауы;
- 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Қаратөбе ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық " Қаратөбе өңірі" газетінде жариялансын.
Қаратөбе аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Б.Жүсіпқали
Қаратөбе аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Ғабдраш