«Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы шешім жобасы

«Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6819 тіркелген, 2021 жылы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

7-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

жол жүру ақысын және коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу үшін 2 АЕК мөлшерінде:

1) Кеңес Армиясының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына;

2) Кеңес Армиясының әскери қызметшiлерiне;

3) Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне (қатысушылары, қаза тапқандардың отбасылары);

4) 1986–1987 жылдары ЧАЭС апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарға, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға; 1988–1989 жылдары ЧАЭС апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға; қаза тапқандардың отбасыларына; ЧАЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына;

5) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге;

6) ЧАЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;

7) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына.

8 - тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жерлеуге (зейнет жасына жетпеген қатысушыларын), табыстарын есепке алмай 15,7 АЕК мөлшерінде.

3-қосымшасында:

реттік нөмірі 5 тармақ 8 тармақшасындағы "30 000" деген сандар "100 000" деген сандармен ауыстырылсын.

  1. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия торағасы

Мәслихат хатшысы

Түсіндірме жазба

«Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешім жобасына түсіндірме жазба

« Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Батыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының  27 мамырдағы №03-02-07.3463 хатымен берген ұсынысты орындау мақсатында тіркелген қосымшалардағы бірдейлендірілген әлеуметтік көмектің түрлері мен мөлшерін ұлғайту және әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында қолданыстағы шешімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін әзірленді.

Қаулы жобасы халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын (жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері және басқа да санаттағылар) тұрақты негізде қолдау үшін оларға жол жүру және коммуналдық қызметтер шығындарын өтеуге 2 АЕК мөлшерінде ай сайынғы және жерлеу рәсімдеріне 15,7 АЕК мөлшерінде біржолғы көрсетілетін көмектің мөлшерін ұлғайту мақсатында дайындалды.

 

Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Жүсіпқали.

Салыстырмалы кесте - құжаттарды жүктеу бөлімінде.

салыстырмалы кесте
Дата публикации
14 июня 2021