Час верности

#Адалдықсағаты

#Параберме#недавайвзятки

 

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін адалдыққа шақырды

 

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған қарқынды жұмыстар атқарылуда.

         Осы бағыттағы жұмыстардың мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту үшін барлық мемлекеттік мекемелер мен еңбек ұжымдарында бірыңғай «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылды.

  «Адалдық сағатына» аудан әкімі аппараты және аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері мен дербес  бөлім қызметкерлері қатысты. Аталған шараға лектор ретінде  ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топ мүшесі, аудандық мәслихат хатшысы Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлы және аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, арнайы мониторингтік топ жетекшісі Оразов Нұрлан Жақанұлы қатысып, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет ретінде жемқорлықсыз қоғамның қалыптасуының кепілі екенін атап өтті.

Парасатылықты шыңдауда – пара бермеу қағидатын қалыптастыру маңызды орын алады. Пара беруші болмаса, пара алушының болмайтындығын естен шығармау қажет.  Осы мақсатта түрлі сала мамандары өздерінің азаматтық берік ұстанымдарын қалыптастыру үшін адалдық сағатына қатысушылар жиын соңын  #PARABERME челленджі акциясымен аяқтады.

 

 

 

Дата публикации
14 мая 2021