#Ақжайық-адалдық алаңы
«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясындағы "Ашық кітапхана -адал оқырман" акциясы Жусандой ауылдық округінде жалғасын тапты.
Адалдық кітапханасына келген оқырман өзіне қажетті кітаптар мен журналдарды алып, 3 күн ішінде әкеліп қайта табыстап отырады. Кітапты беріп-алып, бақылап отырған кітапханашы болмайды.
Аталмыш акцияның мақсаты - әдептілік құндылықтарын қалыптастыру, әсіресе жастардың бойында жауапкершілік сезімін ұялату болып табылады.


