
2020 жылдың 29 желтоқсанында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша барша жергілікті атқарушы органдардың жұмыстануы керектігі туралы айтқан болатын.
Осы бағытта аудан әкімдігі аудан тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орнату, тұрғындарға сапалы қызметтер көрсету мен өтініштерін орындау мақсатында «Ашық әкімдік» жобасын іске асырып отыр.
«Ашық әкімдік» - бұл мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығы мен қолжетімділігі, сапасын қамтамасыз ететін сұхбат алаңы. Осылайша аудан тұрғындары қалаған қызметтері мен өтініштеріне бір жерге келіп, жауаптарын алатын болады.
Бұл жерде 5 бөлімнің мамандары отырады. 30 - дан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Ашық әкімдік алаңын ашудағы мақсат әкімдіктердің ашықтығын қамтамассыз ету.
Сонымен қатар Ашық әкімдік алаңы жанынан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы да ашылды. Бұл бұрышты ашудағы мақсат адамдар өздеріне қажетті анықтамаларды осы жерден алуды қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, Ашық әкімдік жанынан арнайы бөлме де дайындалған. Ол жерде аудан әкімі келгендерді жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.
Осы шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдаулет Ілиясұлы Самет, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Аманқос Сағынұлы Жұбаныш қатысты.
Аталған шара барысында аудан әкімі Ж.А.Асантаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.І.Самет, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.С.Жұбаныш «Ашық әкімдік» жобасы іске асырылуының мақсаты туралы ақпарат берді.