Analytical report on the results of internal control over the quality of public services for the first quarter of 2021 in the Karatobе district

Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылдың I тоқсанында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша мәліметтер:

 

        Барлығы

Қағаз түрінде

Электронды түрде (АЖ арқылы)

Баламалы қызмет түрлері

Жеке тұлға

Заңды тұлға

Жеке тұлға

Заңды

тұлға

Жеке тұлға

Заңды

тұлға

Жеке тұлға

Заңды тұлға

1038

0

0

0

1017

0

21

0

 

І Бақылау шаралары бойынша:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу іс-шараларының жоспары бойынша 2021 жылдың I тоқсанында   «Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту орталығы» КММ-не ішкі бақылау іс-шарасы өткізілді. Бақылау шаралары кезінде «Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту орталығы» КММ-і бойынша төмендегі кемшіліктер орын алды.

Көрсетілген қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандарттарымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды құжаттарды сұрату фактілердің болуы бойынша:

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5-бабы 2-тармағы
1) тармақшасында қызмет берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуге міндетті екені көрсетілген.

Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандартында және қағидасында ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұратудың 5 фактісі және артық құжаттардың 4 фактісі   анықталды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу»  мемлекеттік қызмет стандартының  8-тармағына сай, келесі құжаттар ұсынылуы керек:

Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1)мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

           4)  білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжат (бар болса).

Тексеріс барысында:

-20.07.2020 жылғы азамат Н.Ідірдің құжаттарының арасынан БҚО бойынша соттар әкімшілігімен жасасқан еңбек шартының көшірмесі табылды.

-23.06.2020 жылғы азамат А.Асқаровтың құжаттарының арасынан «ҚазТрансГазАймақ» АҚ жасасқан еңбек шартының көшірмесі табылды.

-05.01.2020 жылғы азаматшалар А.Ахметованың және Ш.Бисенғалиеваның құжаттарының арасынан зейнетақы аударымдарының көшірмесі анықталды.

-10.08.2020 жылғы азаматша К.Бижанованың  құжаттары арасынан салымшы қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы анықтаманың көшірмесі анықталды.

-25.08.2020 жылғы азаматша А.Аманбаеваның құжаттары арасынан өтініші 2 данада анықталды.

17.11.2020 жылғы азамат Д.Мусиннің құжаттары арасынан өтініші 2 данада анықталды.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағына сай, келесі құжаттар ұсынылуы керек: Өтінішті алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;

2) оралман мәртебесі туралы;

3) босқын мәртебесі туралы;

4) шетелдік мәртебесі туралы;

5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;

6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;

7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;

8) мүгедектікті белгілеу туралы;

9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;

10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;

11) бала асырап алу туралы;

12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;

13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы;

14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);

15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы;

16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;

17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;

18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);

19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;

20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) ол бойынша берешектің болуы туралы;

21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;

22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;

23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;

24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы мәліметтер алу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - ақпараттық жүйелер) сұрау салуды қалыптастырады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда әкім немесе Орталық тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.

Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы.

Өтініш берген кезде көрсетілетін өтініш берушіге Орталықта, ауылдық округ әкімі - тіркеу күні және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі.

                   Алайда, тексеріс барысында 14.01.2020ж. К.Дүйсенованың және 28.07.2020ж. А.Жанатарованың құжаттарының арасынан осы мекеменің қызмет алушыларға жасаған  шартты ақшалай көмек парақтары табылды.

 

 ІIІ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс (іс-шаралар жоспарының орындалуы)

Есептік І тоқсанда қызмет алушылар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты арыз-шағымдар болған жоқ.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің маманымен «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге үнемі бақылау, тексеріс жүргізіліп отыр. Есептік кезеңде белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ, қызмет көрсету сапасына қатысты  шағымдар түскен жоқ.

2021 жылдың I жартыжылдығына арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстар.

- Электронды негізде көрсетілетін қызметтерді насихаттау бойынша  Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында,  әлеуметтік желілерге жарияланымдар жариялануда. (Қосымша жалғанды)

-   Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні  Жусандой ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы А.Бақытжанованың ұйымдастыруымен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыстарын жетілдіру, электронды үкімет порталы жұмысының тиімділігі жөнінде «ZOOM»  қосымшасы арқылы онлайн түрде кеңес оздырылды. Кеңеске 15 ауыл тұрғыны қатыстырылды. (Қосымша жалғанды)

-   Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Ғ.Карменовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Қаратөбе ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды нысанда алуды көбейту, «Е-лицензиялау» жүйесін мамандарға түсіндіру» тақырыбында кеңес өткізілді. Жиналысқа 8 ауылдық округ мамандарымен қатар, дербес мекемелерде қатысты. Жиналыс барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді. (Қосымша жалғанды)

- 2021 жылдың 17 ақпан күні аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Е.Бактыгалиев ZOOM» платформасы арқылы  онлайн түрде «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында баяндама оқыды. Қатыстырылғандар саны-15. (Қосымша жалғанды)

- 2021 жылдың 19 наурыз күні «Жусандой ауылдық округі әкімі» ММ-нің ұйымдастыруымен  ZOOM» платформасы арқылы  онлайн түрде «Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету басты міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қатыстырылғандар саны-14. (Қосымша жалғанды)

- 2021 жылдың 30 наурыз күні «Қаратөбе ауданы әкімі аппараты» ММ-нің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы филиалының Қаратөбе аудандық халыққа қызмет көрсету  бөлімінде «ZOOM»  қосымшасы арқылы онлайн форматта қоғамдық қабылдау жүргізілді. (Қосымша жалғанды)

- «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша E.gov.kz порталы арқылы қызметті алу туралы бейненұсқаулық әзірленіп әлеуметтік желілерге жарияланды. (Қосымша жалғанды)

Мемлекеттік қызметтер туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «Қаратөбе Өңірі» газетіне 1 мақала жарияланды. (Қосымша жалғанды)

         Сонымен қатар, Қаратөбе ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары Қаратөбе аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

         ІІІ Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер

Қаратөбе ауданы бойынша 8 ауылдық округ әкімі аппараттарында және аудан әкімдігі ғимаратында барлығы 9 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылған. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері – ЭЦҚ алу, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыптпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, соттылықтың бар немесе жоқ болуы туралы анықтама, кредиттік тарих, зейнетақы жарналарынан үзінділер, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұру, кезегін қарау, мемлекеттік кіріс органдарда есебі жүргізілетін берешектің жоқ/бар екендігі туралы анықтама.

 

 

 

 

Аудан әкімі аппараты,

Ұйымдастыру-бақылау

бөлімінің бас маманы                                                                   Н.Әділханов

 

 

Дата публикации
05 апреля 2021