Мүлік иелерінің бірлестігін тіркеу

Өз үйіңіздің мәселелерін өзіңіз шешкіңіз келе ме?  Олай болса мүліктің меншік иелері бірлестігін тіркеңіз.

Ал тіркеу жолын әдеттегідей парақшамыздың #oqy&toqy айдарында айтып береміз.  Бұл бірлестік ХҚО арқылы тіркеледі және ол үшін:

📌Алдымен кез-келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз

📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз

📌Операторға келесі құжаттарды ұсыну арқылы өтініш қалдырыңыз:

📎Көпқабатты үйдің тұрғындары мен үй-жайлары иелерінің қатысуымен өткен жиналыстың хаттамасы

📎Меншік иелерінің жарғысы немесе типтік жарғы негізінде жұмыс істеу жайлы өтініш

📎Қызмет ақысының төленгені туралы түбіртек

 

☝️Ескерту, ХҚО-ға өтініш беру үшін, тіркелетін меншік иелері бірлестігінің төрағасы келсе жеткілікті.

 

💰Қызмет құны - 1 АЕК (2 778 тг.)

 

⏰Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есептемегенде - 10 жұмыс күні.

 

✍️Керегеңіз кең, шаңырақтарыңыз биік болсын! 🙏Өз үйіңіздің мәселелерін өзіңіз шешкіңіз келе ме?  Олай болса мүліктің меншік иелері бірлестігін тіркеңіз.

Ал тіркеу жолын әдеттегідей парақшамыздың #oqy&toqy айдарында айтып береміз.  Бұл бірлестік ХҚО арқылы тіркеледі және ол үшін:

📌Алдымен кез-келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз

📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз

📌Операторға келесі құжаттарды ұсыну арқылы өтініш қалдырыңыз:

📎Көпқабатты үйдің тұрғындары мен үй-жайлары иелерінің қатысуымен өткен жиналыстың хаттамасы

📎Меншік иелерінің жарғысы немесе типтік жарғы негізінде жұмыс істеу жайлы өтініш

📎Қызмет ақысының төленгені туралы түбіртек

 

☝️Ескерту, ХҚО-ға өтініш беру үшін, тіркелетін меншік иелері бірлестігінің төрағасы келсе жеткілікті.

 

💰Қызмет құны - 1 АЕК (2 778 тг.)

 

⏰Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есептемегенде - 10 жұмыс күні.

 

✍️Керегеңіз кең, шаңырақтарыңыз биік болсын! 🙏

Дата публикации
19 февраля 2021