Результаты работы по внутреннему контролю за качеством оказания государственных услуг в Каратобинском районе в 2020 году

Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жұмыстарының нәтижесі бойынша талдамалық анықтама

 

Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылы мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша мәліметтер:

 

        Барлығы

Қағаз түрінде

Электронды түрде (АЖ арқылы)

Баламалы қызмет түрлері

Жеке тұлға

Заңды тұлға

Жеке тұлға

Заңды

тұлға

Жеке тұлға

Заңды

тұлға

Жеке тұлға

Заңды тұлға

5086

19

225

1

2606

17

2255

1

 

I.Бақылау іс-шаралары бойынша:

2020 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу іс-шараларының жоспары бойынша 6 мекемеге:

-«Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» (АХАЖ)» ММ; 

-«Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі» ММ;

-«Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені» КММ;

-«Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ;

-«Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-

-«Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-леріне    ішкі бақылау іс-шарасы өткізілді. Бақылау шаралары кезінде барлығы 17 кемшілік орын алды. Атап айтар болсақ:

«Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» (АХАЖ)» ММ-і бойынша:

Тексеру барысы кезінде артық құжаттар сұратудың 2 фактісі және арнайы ақпараттық стендтің жоқ екендігі анықталды.

«Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі» ММ-і бойынша:

         Тексеріс барысында қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы бойынша 3 фактілер анықталды.        

«Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені» КММ бойынша анықталған кемшіліктер:

Тексеріс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері толық емес нұсқада орналастырылғаны анықталды.

Тексеріс кезінде ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұратудың 2 фактісі анықталды:

«Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-і бойынша анықталған кемшіліктер:

Тексеріс кезінде ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұратудың 3 фактісі анықталды.

«Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бойынша анықталған кемшіліктер:

Тексеріс кезінде ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұратудың  3 фактісі анықталды.

«Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бойынша анықталған кемшіліктер:

Тексеріс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері толық емес нұсқада орналастырылғаны анықталды.

         «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас дағдылары» тақырыбы бойынша көрсетілетін қызметке жауапты мамандардың біліктілігін арттыру курстарына оқытылмағаны анықталды.

 

Бақылау іс-шарасы бойынша Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты маманына ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді.

 

ІI. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс (іс-шаралар жоспарының орындалуы)

2020 жыл бойынша қызмет алушылар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты арыз-шағымдар болған жоқ.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің маманымен «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге үнемі бақылау, тексеріс жүргізіліп отыр. 2020 жыл бойынша мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтің 1 фактісі тіркелді. «Қаратөбе аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі ММ-і маманына жіберілген олқылықтар үшін тәртіптік жаза қолданылды.

2020 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстар.

- «Қаратөбе өңірі» газетіне 2 мақала жарияланды;

- 3 дөңгелек үстел ұйымдастырылып, 18 адам қатыстырылды;

- 9 семинар-кеңес өткізіліп, 178 адам қатыстырылды;

- тұрғындарға 120 жаднама парақшалары таратылды.

         Сонымен қатар, Қаратөбе ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенті мен стандарттары Қаратөбе аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

         ІІІ Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер

Қаратөбе ауданы бойынша 8 ауылдық округ әкімі аппараттарында және аудан әкімдігі ғимаратында барлығы 9 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылған. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері – ЭЦҚ алу, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, соттылықтың бар немесе жоқ болуы туралы анықтама, кредиттік тарих, зейнетақы жарналарынан үзінділер, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұру, кезегін қарау, мемлекеттік кіріс органдарда есебі жүргізілетін берешектің жоқ/бар екендігі туралы анықтама.

 

 

Жылдық
Дата публикации
20 января 2021