Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жұмыстарының нәтижесі бойынша талдамалық анықтама
Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша мәліметтер:
|
Барлығы |
Қағаз түрінде |
Электронды түрде (АЖ арқылы) |
Баламалы қызмет түрлері |
||||
|
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
|
522 |
0 |
1 |
0 |
386 |
0 |
135 |
0 |
І Бақылау шаралары бойынша:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу іс-шараларының жоспары бойынша 2020 жылдың IV тоқсанында «Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-не ішкі бақылау іс-шарасы өткізілді. Бақылау шаралары кезінде «Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-і бойынша төмендегі кемшіліктер орын алды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету бойынша:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5-бабы 2-тармағы
6) тармақшасында мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті екені көрсетілген.
Тексеріс барысында жетекші маман Е.Есендосов және бас маман С.Зейнуллин «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас дағдылары» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курстарына оқытылмағаны анықталды.
Көрсетілетін қызметті берушілердің орналасу жерлерінде және «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамында және оның филиалдарында мемлекеттік қызметтердің стандарттарын орналастыру бойынша талапты сақтау, мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгісі орналастырылған ақпараттық стендтердің болуы:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 23-бабы 1-тармағы
1) тармақшасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналастыру қажеттілігі көзделген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат мекеме орналасқан ғимаратта арнайы ақпараттық стендте орналастырылған.
Алайда, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты толық емес нұсқада ілінгені анықталды.
ІIІ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс (іс-шаралар жоспарының орындалуы)
Есептік ІV тоқсанда қызмет алушылар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты арыз-шағымдар болған жоқ.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің маманымен «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге үнемі бақылау, тексеріс жүргізіліп отыр. Есептік кезеңде белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ, қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
2020 жылдың ІI жартыжылдығына арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылдың IV-тоқсанында атқарылған жұмыстар.
- 2020 жылдың 26 қараша күні Қаратөбе ауданы Жусандой ауылдық округі әкімі аппаратының көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты маманының ұйымдастыруымен «Қол жетімді мемлекеттік қызмет» тақырыбында «ZOOM» платформасы арқылы онлайн түрде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қатыстырылғандар саны-9.(Қосымша жалғанды)
- 2020 жылдың 25 қараша күні Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты маманының ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында «ZOOM» платформасы арқылы онлайн түрде семинар өткізілді. Қатыстырылғандар саны-22.(Қосымша жалғанды)
2020 жылдың 24 желтоқсан күні аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Е.Бактыгалиев ZOOM» платформасы арқылы онлайн түрде «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында баяндама оқыды. Қатыстырылғандар саны-15.(Қосымша жалғанды)
2020 жылдың 26 қараша күні Қаратөбе аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Электрондық үкімет порталы сервистерін( Egov,mGov,Telegram) қолдана отырып, мемлекеттік қызметтер алу» тақырыбында ZOOM» платформасы арқылы онлайн түрде кеңес оздырылды. Қатысқандар саны-17.(Қосымша жалғанды)
Мемлекеттік қызметтер туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «Қаратөбе Өңірі» газетіне 2 мақала жарияланды. (Қосымша жалғанды)
Сонымен қатар, Қаратөбе ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенті мен стандарттары Қаратөбе аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.
ІІІ Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер
Қаратөбе ауданы бойынша 8 ауылдық округ әкімі аппараттарында және аудан әкімдігі ғимаратында барлығы 9 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылған. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері – ЭЦҚ алу, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыптпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, соттылықтың бар немесе жоқ болуы туралы анықтама, кредиттік тарих, зейнетақы жарналарынан үзінділер, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұру, кезегін қарау, мемлекеттік кіріс органдарда есебі жүргізілетін берешектің жоқ/бар екендігі туралы анықтама.
Аудан әкімі аппараты,
Ұйымдастыру-бақылау
бөлімінің бас маманы Н.Әділханов