Партиялық тізімдер арқылы сайланатын облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

1) саяси партияның өкілі (өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс) партиялық тізімді ұсынады;

          2) саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басқару органы отырысының уәкiлеттi органда саяси партияны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса берілген партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшiрме;

          3) азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiм беру туралы өтiнiшi;

          4) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;

          5) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партиядағы мүшелігін растайтын құжат.

 

Сәйкестікті анықтағаннан кейін тіркеу кезінде:

          6) 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

          7) саяси партияның партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат; (425 000 тенге, 5 ЕТЖ * 85 000)

 

          Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының депутаты етіп сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жүргізіледі.

          Саяси партиялар өздерінің мүшелері болып табылмайтын адамдарды партиялық тізімдерге енгізуге құқылы емес.

          Саяси партиядан мәслихат депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес.

          Адамдарды партиялық тізімге орналастыру тәртібі саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімімен айқындалады.

 

Құжаттар тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады

  

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

 

бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктер), егер  жарғысында тиісті өкілеттік қарастырылса, сайлайтын облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезінде

          1) қоғамдық бірлестіктің жоғары басшы органының, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) тиісті сайлау округі бойынша кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

          2) құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірме;

          3) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

          4) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

          5) саяси партияға мүшелігін растайтын құжат (тек саяси партия ұсынған жағдайда ғана);

 

Сәйкестікті анықтағаннан кейін тіркеу кезінде:

          6) 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

          7) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (425 000 тенге, 5 ЕТЖ * 85 000)

 

          Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) осы қоғамдық бірлестіктің мүшелері болып табылмайтын адамдарды кандидаттар ретінде ұсынуға құқылы.

          Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік және оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) әрбір сайлау округінде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады.

Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнде кандидат болып ұсыныла алмайды.

Саяси партиядан мәслихат депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес.

Құжаттар тиісті округтік сайлау комиссиясына тапсырылады

 

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

 

өзін-өзі ұсыну арқылы облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынған кезде

 

          1) осы сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш;

          2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

 

Сәйкестікті анықтағаннан кейін тіркеу кезінде:

          3) 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

          4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (425 000 тенге, 5 ЕТЖ * 85 000)

          Мәслихат депутаттығына кандидаттардың өзін-өзі ұсынуын азаматтар тиісті округтік сайлау комиссиясына осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы жүргізеді.

 

Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнде кандидат болып ұсыныла алмайды.

 

Саяси партиядан мәслихат депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес.

Құжаттар тиісті округтік сайлау комиссиясына тапсырылады