Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы 2026 жылғы 17 тамыз күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.
Отырысқа қатысқандар: Адам құқығын қорғау уәкілі Жұбаныш Аманқос Сағынұлы, Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Жүсіпқалиев Алтынбек Бақытжанұлы, БҚО балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Семгалиева Афиза Булатовна, БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Галиева Саягул Маулетовна, БҚО бала құқығы жөніндегі уәкілі Куанышалиева Назгуль Мырзаевна, облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының директоры Есенова Ляззат Сайкомовна, Қаратөбе ауданы прокуратурасының аға прокуроры Нургалиев Исламбек Ералыұлы, Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна, Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері.
Күн тәртібінде бір мәселе қаралды, «Қаратөбе ауылында орын алған кәмелетке толмаған Жасұлан Мирас Мұратбекұлының 13.08.2026 жылы суицид жасауы бойынша» тақырыбында Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Жүсіпқалиев Алтынбек Бақытжанұлы хабарлама жасады.
Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланды. Жиын соңында комиссия төрағасы Газиев Ғабит Талаптанұлы жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.