|
|
Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «29» қазандағы
№176 қаулысына қосымша
|
|
|
|
|
|
|
«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданы әкімі мен әкімдігінің қызыметін ұйымдық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан камтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2.Мемлекеттік мекеменің ведомствосы жоқ.
- «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Констуциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, облыс әкімі аппаратының жұмыс регламентіне және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
- Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада берілген тәртіппен Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 090800 Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №12 үй
- Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады. «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қаратөбе ауданының әкімдігі болып табылады.
- Мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді мемлекеттік мекеменің орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады
Егер мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
- Мақсаттары:
Қаратөбе ауданының атқарушы органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық – талдаулық қолдау және ұйымдастыру – құқықтық қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
- Өкілеттіктері:
1.Құқықтары:
1.1) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды алуға, сондай-ақ оларға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
1.2) Барлық меншік нысанды кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан аудан әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұратуға және алуға;
1.3) Мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
1.4) Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен аудан әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
1.5) Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға;
1.6) Аудан әкімдігінің отырыстарына, сондай-ақ бөлімдер, ауылдық округ әкімдері отырыстарына қатысуға;
- Аудан әкімі мен орынбасарларының тапсырмалары бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін аудан әкімі аппаратыың құзырына жатқызылған мәселелерді шешуге қатысуға тартуға құқылы.
- Міндеттері:
2.1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы, 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2.2) Аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкімнің, әкімнің орынбасарларының және аудан әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
2.3) Аудан әкімі мен әкімдігі актілерін, аудан әкімі және оның орынбасарларының, аудан әкімдігі тапсырмаларын пәрменді, дер мерзімінде және мінсіз орындау;
2.4) Аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аудан әкімдігін Қаратөбе ауданы аумағындағы істің жай-күйі туралы дер мерзімінде және толық хабардар ету.
- Функциялары:
- Өз құзыры шегінде ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының іске асырылуын қамтамасыз ету және бақылау, ұсыныстар әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын аудан аумағында іске асыруға қатысады.
- Орталық атқарушы орган уәкілеттік берген өкілеттіктерге сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырытатын мемлекеттік органдарды, республикалық бағынысты аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
- Қаратөбе ауданының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетіктері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, осы мақсаттарда аудан аумағында атқарушы билік органдарынан талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды сұрату және дер мерзімінде алу арқылы олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асрады, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша ұсыныстар мен болжамдарды жасақтайды;
- Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіміті актілерінің орналасуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді,аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын бақылайды;
- өндіріс, импорт алмастыратын өндірістерді дамыту үшін шетел кредиттерін және инвестицияларын тарту саласында дамудың басымды бағыттарын айқындау, өңірлік байланыстарлы үйлестіру және қор жүйесін жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады және енгізеді;
- облыс әкімі аппаратарымен, жергілікті уәкілетті органдармен, ауылдық округ әкімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
- заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
- аудан әкімі және оның орынбасарлары өткізетін активтерді, кеңестерді, кездесулерді, сапарларды және басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету жүзеге асырады, аудан әкімін оның орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты қызметкерлерін шаруашылық, қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
- Қаратөбе ауданы әкімі аппараты жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- Аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың жолданымдарын қарауды, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, келіп түсетін азамттардың хаттары мен өтініштеріне, құжат ағынына талдау жасайды, іс жүргізудің, құпия құжаттармен жұмысты, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қолдануды жолға қояды және жетілдіреді;
- Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді
- Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауын бақылауды ұйымдастырады және ішкі бақылауды жүзеге асырады;
- Облыстық және аудандық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау мәселелерімен шұғылданады.;
- Ақпараттық технологияларды енгізу, электрондық құжат айналымы жүйесі мәселелерімен шұғылданады;
- Аудан әкімі аппаратының номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тағылымдамадан өтуін, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын жүзеге асырады;
- Бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімдігінің қызметін жарықтандыруды жүзеге асырады, олармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіреді;
- Аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен ауданда заңдылықты және құқықтық тәртіпті нағайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
- жұмылдыру дайындығы, аумақтық, азаматтық қорғаныс саласындағы, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астананың әкімдіктеріне қызметтің тиісті салаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
- азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу және азаматтарды әскери қызметке шақыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шақыру жүргізу кезеңінде тіркеу және шақыру комиссияларын қалыптастыру;
- жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша қызметтік хат алмасулар жүргізу;
- жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ әскери басқару органдары өкілдерінің қатысуымен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
- өз құзіреті шегінде аумақтық жедел жабдықтау және әскери инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауға қытсу;
- жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, қорғаныс және әскери қауіпсіздік, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке ауды ұйымдастыру, әскери қызметке және әскерижиындарға шақыру мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
- жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі, сондай-ақ азаматтарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерді әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
- жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдемдесу;
- әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында жұмылдыру даярлығы бойынша жаттығулар мен оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу;
- аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен саны мен құрылымы шегінде қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
- көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүккәммалмен қамтамасыз ету, оларды күтіп ұстауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылыту мен байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, материалдық-техникалық құралдардың қорларын құру, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде соғыс уақытының штаттық қажеттілігі нормаларына сәйкес аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен жиындар өткізу;
- қосалқы (қалалық, қала сыртындағы) қосалқы және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерді жұмылдыру дайындығы мақсатында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарлары өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған ұйымдармен шарттардың (келісім шарттардың) есебін және талдауын жүргізуге;
- жұмылдыру, әскери жағдай және соғыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды уақытылы хабардар ету мен жеткізуді, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) коммуналдық меншікте тұрған техниканы қорғаныс мұқтаждары үшін жинау пункттеріне, әскери бөлімдерге және арнайы мемлекеттік органдарға жеткізу мен тапсыруды ұйымдастыруға және қамтамасыз теуге қатысу;
- жұмылдыру даярлаған кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде жұмысты үйлестіру;
- құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерінің келісімі бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарын әзірлеу және бекіту;
- әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу;
- әкімшілік-аумақтық бірліктерді жұмылдыру дайындығының кезекті жылға арналған іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту;
- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен келісу бойынша ауданның және облыстық маңызы бар қаланың аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;
- жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасына әскери қатерлерөскен кезде әкімдіктің іс-қимыл жоспарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдармен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикасын жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;
- Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға жұмылдыру жариялауға арналған жергілікті атқарушы органдардың арнаулы құрылымдарын және техникасын дайындауды ұйымдасытру;
- жұмылдыру тапсырыстары бар мекемелер мен ұйымдарды мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының қорларын құру, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі ұсыныстарын қалыптастыру;
- жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша өткізілетін іс-шараларға қатысу;
- азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жанарту және әзірлікте ұстау бойынша қажетті шаралардың көлемін айқындау және қабьлдау;
- мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемін әзірлеуге қатысу;
- ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттардың жобаларын дайындау, жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың банкроттық, қайта ұйымдастыру, тарату, жұмыс бейінін өзгеру кезінде жұмылдыру тапысырыстарын алу және беру туралы жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
- жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;
- әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери-көліктік міндет бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
- Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
- Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
- Өз өкілеттігі шегінде ауылдық округ әкімдеріне, аудан әкімі аппаратының бөлім басшыларына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшыларына, аудан әкімінің қарауына енгізілетін, сондай-ақ аудан әкімдігі отырыстарында қаралатын мәселелерді әзірлеу және келісу жөнінде нұсқаулар және тапсырмалар беруге;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
3) Ауылдық округ әкімдері аппараттарынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардан Қазақсан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, аудан әкімі мен әкімдігі актілернің, аудан әкімі орынбасарларының тапсырмаларының орындалуы жөніндегі ақпараттар мен есептерді талап етуге;
4) Ауылдық округ әкімдеріне, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдар мен мекемелерге, орындаушыларға аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын, іскерлік хаттарды енгізу тәртібіне және белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, кері қайтаруға;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың тиісті жылдық аудандық бюджетінде қаралмаған қосымша қаржыландыру немесе айрықша жеңілдіктер беру мәселелері жөніндегі өтініштерін тіркеусіз кері қайтаруға;
6) ұйымдармен аудан әкімдігінің, әкімінің және аудан әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде шарттар жасауға.
7) "Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің балансында бекітілген мүліктің тиімді пайдаланылуы және оның сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
9) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
- Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету
- Аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттерді орындау үшін оның құрамында бөлімдер құралады.
- Аппараттың бөлімдері осы Ережеге, сондай-ақ аппарат басшысы бекіткен бөлімдер туралы ережеге сәйкес негізде әрекет етеді. Әкімдік қаулылары, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеуге өзінің құзыретіне сәйкес немесе аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша бөлімдердің мамандары жауапты болып табылады.
- Бөлім басшылары аудан әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Аудан әкімі аппараты бөлімдерінің басшылары;
1) бөлімдеріне жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкіметі қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премеьер-Министрі өкімдерінің, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, орынбасарлар мен аудан әкімі аппараты басшысы тапсырмаларының, аудандық мәслихаттың өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауап береді;
2) қызметкерлерді тағайындау, ауыстыру және босату туралы ұсыныстар енгізеді, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, еңбекті ұйымдастыруды, өзара алмасушылықты, еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, аппаратта іс қағаздарының, соның ішінде құпия іс қағаздарының қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес дұрыс жүргізілуіне жауап береді;
3) өздеріне жүктелген міндеттердің орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауап береді.
- Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері өздерінің міндеттерін орындау кезінде осы Ережеге сәйкес мыналарға:
1) аудан әкімдігі отырыстарына, аудан әкімі аппаратында өткізілетін кеңестерге, іс-шараларға, селолық округтер әкімдіктері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың отырыстарына қатысуға;
2) аудан әкімі орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмаларына сәйкес ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, аудан аймағында орналасқан ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындардың қызметкерлерін туындаған мәселелерді шешуге тартуға, олардың басшылықтың бекәтуәне енгізілетін құжаттардың жобалары бойынша ақпараттарды, ұсыныстарды, қорытындыларды сұратуға;
3) аудан әкімі аппаратының басшысына қойылған талаптарға сай келмейтін, заңға қайшы келетін аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын жетілдірі үшін қайтару, аудан әкімі аппаратының құзырына кірмейтін құжаттар мен материалдарды қараусыз кері қайтару жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) аппарат басшысы мен оның орынбасарының тапсырмалары бойыншы аудан әкімі аппаратының құзыреті шегінде басқа да қажетті өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
- Осы Ережеден туындайтын мәселелерді әзірлеудің және қараудың тәртібін аудан әкімі аппаратының басшысы реттеп отырады.
5-тарау. «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі
- «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
6-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
- Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Мемлекеттік мекеме мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
27.Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
28.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
7-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
- Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.