Заң және тәртіп

Ағымдағы жылдың 19 маусым күні Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілi Д.Жәнібековтың төрағалығымен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінiң, ауылдық округ әкімі аппараты мен дербес бөлімдердің бас мамандарының қатысуымен жиналыс өтті. Жиын барысында аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және шаруашылық жұмыстары бөлімінің басшысы Н.Әділханов жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі, электрондық құжат айналым жүйесі және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша баяндама жасап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, «Заң және тәртіп» қағидаттары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы жауапкершілігі, азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті және қызметтік тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілердің жоғары адамгершілік қағидаттарды ұстануы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызмет беделін арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
23 июня 2026