Қаратөбе  аудындық  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ еңбек  әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін «Еңбек жолы-2026» республикалық конкурсына  қатысуға  шақырады.

       Қаратөбе  аудындық  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ еңбек  әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін «Еңбек жолы-2026» республикалық конкурсына  қатысуға  шақырады.

     Мемлекет  басшысының  жалпыға  Ортақ Еңбек Қоғамын  құру  идеясы  аясында,  Еңбек адамының  беделін  жоғарылату,  еңбек  өнімділігін  ынталандыру,  жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау,  жастарды  өндіріс саласына  тарту,  көпжылдық  еңбек  әулеттері салтын  сақтау  мақсатында  Мемлекет басшысының  Жарлығымен «Еңбек күні» бекітіліп, еңбек  әулеттері  мен өндіріс  жұмыскерлері  арасында  өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық  конкурсы  белгіленді.

      Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы  идеясын  ілгерілету  мақсатында  Министрлікпен өткен жылдан  бастап  еңбек әулеттері  мен өндіріс  жұмыскерлері  арасында  өткізілетін  «Еңбек Жолы»  республикалық  конкурсы  белгіленді.

      «Еңбек  күнін  мерекелеуге  арналған  «Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы» Республикалық  Форумы  аясында  аудандық  (қалалық)  және  облыстық  деңгейде     «Еңбек жолы»  конкурсы  өткізілетін  болады.

«Еңбек жолы» конкурсын (әрі қарай- Конкурс) өткізу мақсаттары:

1) ұрпақтар  сабақтастығын  сақтау;

2) еңбек адамдары туралы  оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3) қазақстандықтарда  Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

4) жастарды  еңбекке  құрметпен  қарау,  еңбек  дәстүрлерін   сақтау және көбейту  рухында  тәрбиелеу;

5) «Жалпыға  Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында  еңбек  адамының  қоғамдағы  мәртебесін арттыру  және  еңбек  өнімділігін  ынталандыру.

Конкурсқа  мемлекеттік  қызметшілерді  қоспағанда,  салаға  қарамастан  кәсіпорындардың  барлық  қызметкерлері  қатыса  алады.

Дата публикации
15 июня 2026