Құрметті Қаратөбе ауданының тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 2 маусымында Қаратөбе ауданы аумағында «Қаратөбе Антитеррор – 2026» терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі.
Оқу-жаттығудың мақсаты – аудандық жедел штаб күштері мен құралдарының террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға дайындығын тексеру.
Осыған байланысты аудан аумағындағы жекелеген көшелер мен нысандар маңында қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Азаматтарды сабыр сақтауға, қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
📌 Қаратөбе аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының БАҚ-пен өзара іс-қимыл тобы.