"Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 13-13 «Қаратөбе ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәслихат шешімінің жобасы

Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 13-13

«Қаратөбе ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қаратөбе аудандық мәслихатының «Қаратөбе ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 26 наурыздағы № 13-13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7357-07 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қаратөбе ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және қағидасын айқындау туралы»,

көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы айқындалсын.»,

көрсетілген шешімнің қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

«Қаратөбе ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы»,

көрсетілген шешімнің қосымшасының 4 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Көрсетілетін қызметті алушылардың жиынтық табысының шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.»,

көрсетліген шешімнің қосымшасының 6 тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

  1. «Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіпте:

Осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

  1. «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі белгілеген тәртіпте осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
26 мая 2026