Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс  отырысы 2026 жылғы 27 сәуір күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.

         Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс  отырысы 2026 жылғы 27 сәуір күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.

         Күн тәртібінде екі мәселе қаралды, оның бірі «Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының 2026 жылғы 03 сәуірдегі №2-06-26-02813 ұсынымын қарау туралы» тақырыбында аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және шаруашылық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы, комиссия хатшысы Шамшенов Мухит Кеңесұлы және екіншісі «Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе  мектеп-гимназиясы» КММ-нің 11-сынып оқушысы Есенжан Эльвира Нұрбекқызының мектеп формасының талаптарын сақтамау туралы» тақырыбында  Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ғарапшиев Берікжан Ғарапшаұлы хабарламалар жасады.

         Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланды.          Жиын соңында комиссия төрағасы Газиев Габит Талаптанұлы жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.

Дата публикации
29 апреля 2026