Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті  отырысы 2026 жылғы 21 сәуір күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.

         Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті  отырысы 2026 жылғы 21 сәуір күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.

         Күн тәртібінде екі мәселе қаралды, оның бірі «Кәмелетке толмаған мүгедектігі бар балаларға көрсетілетін көмектер туралы» тақырыбында Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бердіғалиев Бекболат Хамидоллаұлы және екіншісі «Жалпы білім беретін мектептердегі кәмелетке толмаған мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын балалармен жасалған жұмыстар туралы» тақырыбында  Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Есқазиева Іңкәр Ересқызы, Қаратөбе ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің әдіскері Кабесова Мирагүл Қайырбекқызы хабарламалар жасады.

         Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланды.          Жиын соңында комиссия төрағасы Газиев Габит Талаптанұлы жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.

Дата публикации
22 апреля 2026