GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
24 августа 2026
Қазақстанда киберқауіпсіздік пен цифрлық тұрақтылықты нығайту.

🤖 Астанада киберқауіпсіздікті нығайту және Қазақстанның цифрлық тұрақтылығын арттыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. Талқылауға мемлекеттік органдардың, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының, бейінді ұйымдардың және экономиканың негізгі салаларының өкілдері қатысты.

Қатысушылар ұлттық киберқауіпсіздік жүйесін дамыту, заңнаманы жетілдіру және ақпараттық қауіпсіздік саласында жаңа талаптарды енгізу мәселелерін талқылады. Киберқауіптерді анықтау және олардың алдын алу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше назар аударылды.

Негізгі басымдықтардың бірі - талаптарды формалды түрде сақтаудан практикалық киберорнықтылыққа көшу. Цифрландырудың қарқынды дамуы және жасанды интеллектінің өрістеуі жағдайында деректерді, ақпараттық жүйелерді және аса маңызды инфрақұрылымды қорғау ерекше маңызды.

Тағы бір маңызды бағыт - азаматтардың кибермәдениетін арттыру. 2026 жылғы қыркүйекті Кибермәдениет айы деп жариялау жоспарлануда. Бастама заманауи цифрлық қауіптер туралы хабардарлықты арттыруға және цифрлық гигиена дағдыларын дамытуға бағытталады.

Негізгі іс-шаралардың бірі - «Кибермәдениет стандарт ретінде: қауіпсіздік моделін қайта құру» халықаралық конференциясы. Ол 4–5 қыркүйек күндері Астанада өтеді. Бағдарламада CyberAwareness Day, интерактивті киберполигон, тренажерлер, дипфейктер зертханасы және фишингтік әрі дипфейктік шабуылдардың заманауи әдістерінің көрсетілімдері қарастырылған.

Негізгі міндет - технологияларды, заңнаманы, мамандардың жұмысын және пайдаланушылардың өз жауапкершілігін біріктіріп, Қазақстанның цифрлық ортасын қауіпсіз әрі тұрақты ету.

24 августа 2026
Оралда Tomorrow School-ға қабылдау басталды! 🚀

Tomorrow School — Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы AI және бағдарламалау мектебі. Орал қаласындағы оқу М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің базасында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Бағдарлама практикаға негізделген: қатысушылар өз бетімен білім алып, командамен жұмыс істейді, нақты жобалар әзірлейді және оқу барысында портфолиосын қалыптастырады.

💡 Бағдарламада:
— тегін оқу мүмкіндігі
— портфолиоға арналған 50-ден астам жоба
— Go, JavaScript, Rust және Python тілдері
— AI, Cybersecurity, Blockchain және басқа да бағыттар
— peer-to-peer форматындағы оқу
— комьюнити, нетворкинг және тәулік бойы ашық кампус

📌 Маңызды күндер:
Өтінім қабылдау: 21 тамызға дейін
Check-In: 21 тамыз
«Бассейн» кезеңі: 24 тамыз – 19 қыркүйек

Қалай қатысуға болады?
1️⃣ tomorrow-school.ai сайтына кіріңіз
2️⃣ Анкетаны толтырыңыз
3️⃣ Іріктеу кезеңінен өтіп, оқуға қосылыңыз

24 августа 2026
❓ Ұйым дербес деректерді қорғау талаптарын сақтамаса, не болады?

✒️ Қазақстан Республикасының заңнамасында дербес деректерді қорғау саласындағы талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген.

🔴 Құқық бұзушылықтың сипатына қарай кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке, ал жекелеген жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

🏛 Сонымен қатар, уәкілетті орган заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізеді. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою туралы нұсқама беріледі және тиісті негіздер болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады.

📖 Егер нұсқама орындалмаса, заңнамада жауапкершілік шаралары да көзделген. Заңда белгіленген жағдайларда бұл шаралар қызметті тоқтата тұруға дейін баруы мүмкін.

🔒 Дербес деректерді қорғау — азаматтар туралы ақпаратпен жұмыс істейтін әрбір ұйымның міндеті.

24 августа 2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды.

Батыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 5 трлн теңгені құрап, үш жыл ішінде 13,6%-ға өсті. 2023 жылдан бері негізгі капиталға 2,3 трлн теңге инвестиция тартылды.

Мемлекет басшысына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы толық ақпарат ұсынылды. Жақын арада Қарашығанақ кен орнында жылына 5 млрд текше метр газ өндіру қуатына ие газ өңдеу зауытының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Жайық өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын бастау көзделген.

Соңғы үш жылда облыста жалпы құны 138 млрд теңге болатын 121 жаңа әлеуметтік нысан салынды. Барлық деңгейдегі 1542 шақырым автомобиль жолы жөнделді. Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау жалғасуда. Жалпы құны 7,6 млрд теңге болатын төрт жаңа және реконструкцияланған теміржол вокзалы пайдалануға берілді.

Орал қаласында 60 жыл бойы жөндеу көрмеген алты кәріз сорғы станциясы жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы екі кәріз сорғы станциясын реконструкциялау аяқталады.

Сонымен қатар, 11,2 млрд теңгеге екі жылу магистралі жаңғыртылып, нәтижесінде 60 мың тұрғынды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. 7 мың шақырым электр желісі жаңартылып, олардың тозу деңгейі 82%-дан 75,4%-ға дейін төмендеді.

Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 320 млрд теңгеге жетті. «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылғаннан бері 1414 жоба қаржыландырылып, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

«Қаладан – ауылға» өңірлік бағдарламасы аясында ауылдық жерлерге мыңнан астам адам қоныс аударды. Барлық 218 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, әлеуметтік қолдау шараларына ие болды.

Мемлекет басшысы өңірді одан әрі дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

24 августа 2026
Қазақстанның цифрлық мемлекеті: жасанды интеллект негізіндегі мемлекеттік қызметтердің жаңа кезеңі

Бүгінде Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде 24-орында. eGov құрылды, көпшілікке арналған қызметтердің едәуір бөлігі онлайн форматта қолжетімді, мобильді формат дамып келеді. Сондықтан Мемлекет басшысы белгілеген жасанды интеллектіні ауқымды енгізу бағыты цифрлық дамудың келесі кезеңіне айналуы заңды.

Осыған байланысты бүгінгі Үкімет отырысында мәселе кеңірек қойылды — жекелеген электрондық сервистерді дамыту емес, жасанды интеллект негізінде мемлекеттік қызметтер экожүйесін қалыптастыру.

Оның элементтері қазірдің өзінде құрылуда: QazTech бірыңғай технологиялық негіз қалыптастырады, eGov 3.0 қызметтердің өзін жеңілдетеді, eGov GPT азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимыл тәсілін өзгертеді, AI-офистер ХҚКО жұмысын трансформациялайды, ал eGov Business кәсіпкерлерге арналған сервистерді біріктіреді.

Ендігі басты тиімділік көрсеткіші — әзірленген ақпараттық жүйелердің саны да, тіпті онлайн көрсетілетін қызметтердің саны да емес. Цифрлық мемлекет оның азаматтар мен бизнеске қанша уақыт үнемдейтінімен өлшенуі тиіс.

Нәтижеге қол жеткізу үшін өтініштер, анықтамалар, кезектер, қолмен келісу процестері мен артық әрекеттер неғұрлым аз қажет болса, цифрлық трансформация соғұрлым табысты болады.

24 августа 2026
Smart City Battle by Batys Hub 🏙️

Қаланы ақылды, жайлы әрі технологиялық етуге қабілетті жоба жасап жүрсің бе?

Сенде жұмыс істейтін MVP немесе прототип бар ма? Ендеше, өз жобаңызды көпшілікке танытатын уақыт келді!

27 тамыз күні сағат 15:00-де Batys Hub Smart City Battle — қаланың өзекті мәселелерін шешуге және қалалық ортаны кешенді түрде жақсартуға бағытталған қолданбалы IT және инженерлік шешімдер сайысын өткізеді!

🔥 Қатысушыларды не күтеді?

🎤 Тікелей питчтер — әр минуты маңызды қысқа әрі мазмұнды таныстырылымдар.

🧠 Қазылар алқасының талдауы мен кері байланысы — нарық сарапшылары жобаңызды жан-жақты бағалап, мықты тұстарын атап, оны дамыту және масштабтау бойынша нақты ұсыныстар береді.

🤝 Пайдалы нетворкинг — пікірлес адамдар мен жаңа серіктестер тауып, командаңызды күшейту мүмкіндігі.

💰 Үздіктерге арналған жүлде қоры:

🥇 1 орын: 200 000 ₸
🥈 2 орын: 150 000 ₸
🥉 3 орын: 100 000 ₸

📌 Маңызды ақпарат және мерзімдер:

⏳ Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 23 тамызға дейін қоса алғанда, сағат 23:59-ға дейін.

📢 Іріктеу нәтижелері: 25 тамызда финалдық питчингке өткен жобалар жарияланады.

📅 Іс-шараның күні мен уақыты: 27 тамыз 2026 жыл, сағат 15:00.

🏛️ Өтетін орны: Орал қаласы, М. Өтемісов атындағы БҚУ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 162, 2-қабат, 209-кабинет.

⚠️ Шектеу: 2026 жылы Batys Hub өткізген байқаулардың жеңімпаздары Smart City Battle сайысына қатыса алмайды.

24 августа 2026
🍕💸 Бүгін стартапшыларды, әзірлеушілер мен кәсіпкерлерді бір алаңға біріктірген Pizza Pitch өтті.

🍕💸 Бүгін стартапшыларды, әзірлеушілер мен кәсіпкерлерді бір алаңға біріктірген Pizza Pitch өтті.

Іс-шара Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы @digital_bqo және Ақпараттық технологиялар орталығы @cit_uralsk қолдауымен ұйымдастырылды.

🎙️ Финалистер өз жобаларын үш минуттық питч форматында таныстырып, кейін қазылар алқасының сұрақтарына жауап беріп, сарапшылардан кері байланыс алды.

🍕 Мазмұнды бағдарламадан бөлек, қонақтарды еркін форматтағы нетворкинг, жаңа таныстықтар және, әрине, кештің ажырамас бөлігіне айналған @dodopizza.uralsk пиццасы күтті.

Pizza Pitch қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

🥇 1 орын (200 000 ₸) — QAGAZ
🥈 2 орын (150 000 ₸) — AQUA CHARGE
🥉 3 орын (100 000 ₸) — AGRI SENSE

Келесі іс-шараларда кездескенше!

Іс-шараны қолдап, алаң ұсынған серіктестеріміз @bqu_resmi және @jective.kz-ке ерекше алғысымызды білдіреміз 🤝

24 августа 2026
🇰🇿🇦🇿Транскаспий Талшықты оптикалық байланыс желісі: жоба жаңа кезеңге бет бұрды

🇰🇿🇦🇿Транскаспий Талшықты оптикалық байланыс желісі: жоба жаңа кезеңге бет бұрды

Қазақстанда ірі цифрлық инфрақұрылымдық жобалардың бірі - Каспий теңізі түбінде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жалғасуда.

Бүгін жоба белсенді кезеңге өтті: мамандандырылған кеме Баку - Ақтау бағыты бойынша суасты кабельін салуға кірісті.

Жаңа цифрлық магистраль Еуропа мен Азия арасындағы деректер алмасуының жоғары жылдамдықты бағыты болмақ, ол халықаралық байланыс арналарының сенімділігін арттырады және Қазақстанның Еуразияның цифрлық хабы ретіндегі ұстанымын нығайтады.

➡️Жобаның қай кезеңде екенін және оның ел үшін неліктен стратегиялық маңызы бар екенін білу үшін карусельді айналдырыңыз.

24 августа 2026
Ауыл шаруашылығын цифрландыру: өнімділікті арттырудағы жаңа технологиялар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын цифрландыру арқылы өнімділікті арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды. Жасанды интеллектіні игерудің жарқын мысалын өңірден де көруге болады. Қажырлы еңбек пен цифрлық шешімдердің нәтижесінде диқандар күздік бидайдың әр гектарынан 50-70 центнер өнім алып жатыр. Аймақта егіс алқаптары автоматтандырылып, қожалықтар «ақылды технологияларды» кеңінен қолданып келеді.

24 августа 2026
Оралда Tomorrow School-ға қабылдау басталды! 🚀

Оралда Tomorrow School-ға қабылдау басталды! 🚀

Tomorrow School — Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы AI және бағдарламалау мектебі. Орал қаласындағы оқу М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің базасында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Бағдарлама практикаға негізделген: қатысушылар өз бетімен білім алып, командамен жұмыс істейді, нақты жобалар әзірлейді және оқу барысында портфолиосын қалыптастырады.

💡 Бағдарламада:
— тегін оқу мүмкіндігі
— портфолиоға арналған 50-ден астам жоба
— Go, JavaScript, Rust және Python тілдері
— AI, Cybersecurity, Blockchain және басқа да бағыттар
— peer-to-peer форматындағы оқу
— комьюнити, нетворкинг және тәулік бойы ашық кампус

📌 Маңызды күндер:
Өтінім қабылдау: 21 тамызға дейін
Check-In: 21 тамыз
«Бассейн» кезеңі: 24 тамыз – 19 қыркүйек

Қалай қатысуға болады?
1️⃣ tomorrow-school.ai сайтына кіріңіз
2️⃣ Анкетаны толтырыңыз
3️⃣ Іріктеу кезеңінен өтіп, оқуға қосылыңыз

Социальные сети
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы