БҚО әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласындағы тұрғын үй аулаларының абаттандыру жұмыстарын тексерді

БҚО әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласындағы тұрғын үй аулаларының абаттандыру жұмыстарын тексерді

Жексенбі күні облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласының тұрғын үй аймақтарының аумағын абаттандырудың қалай жүргізіліп жатқанын тексерді. Өңір басшысы қала тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үйдегі пәтер тұрғындарының мүдделерін ескере отырып, аула аумақтарын абаттандырудың ең қолайлы нұсқаларын талқылады.
Ғали Есқалиев Ихсанов көшесі бойындағы № 73, 73/1, 73/2 үйлердің аумағының абаттандыру жұмыстарын тексерді.
Нысан биыл пайдалануға берілді. Жобада кірме жолдарды салу, ауданы 2,8 мың шаршы метрден асатын асфальт-бетон жабынын төсеу, кеспе тастар орнату және орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, сондай-ақ 64 шаршы метрге балалар ойын алаңын және 510 шаршы метрге резеңке жабыны бар спорт алаңын салу көзделген. Жалпы сомасы 50 млн. теңгеге жуық жобаны жүзеге асырушы мердігері «Айдана» ЖШС.
Тұрғындар ауладағы жарық көздерінің жоқтығын және аулаға жасанды жол кедергілерін орнатуды сұрады. Облыс әкімі қауіпсіздік мәселесі шешілетінін айтты. Бұл ретте әрбір аулада Пәтер иелері кооперативі ұйымы (ПИК) жұмыс істеуі керек. Нысанды қабылдап алғаннан кейін, әрі қарай оның жай-күйіне жауап беруі тиіс.
Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Н.Назарбаев даңғылындағы №244/1, 244/3 үйлердің аумағына барды. Тұрғындармен кездесу барысында олардың аулаларын абаттандыру жұмыстарының нұсқалары талқыланды.
Орал қаласында бүгінде «Тұрғын қатынастары туралы» заңға сәйкес, аулалар тұрғын үй тұрғындарына тиесілі аулаларды абаттандыру жұмыстарын мемлекет тегін жүргізуде.
- Бүгін біз жаңғырту бағдарламасы аясында өзге қалалардың тәжірибесіндегідей тұрғындарға жаңа бастама ұсынып отырмыз. Алдағы уақытта тұрғын үйге сіз өз өкіліңізді таңдайсыз. Ол қала әкімдігіне ауланы абаттандыру кезінде тұрғындар пікірін жеткізеді. Бұл әр түрлі спорт, балалар ойын алаңдары, жастарға, зейнеткерлерге арналған демалыс орындары және ағаш отырғызу және т.б. болуы мүмкін.
Қала әкімдігі сіздің пікіріңізді ескере отырып және шығындар сомасы сіздің қалауыңызға байланысты болатын ауланы салудың бірнеше нұсқасын ұсынады. Үй тұрғындарының 70%-ы келісімін берсе құрылыс жұмыстары басталатын болады. Мемлекет таңдалған жобаны қаржыландырады, ал үй тұрғындары жұмсалған қаражатты 20 жыл ішінде қайтаратын болады. Бұл ретте пәтерге ай сайынғы төлем таңдалған жобаға байланысты аз соманы құрайды. Осылайша, аула пайдаланушыларының жауапкершілігі артады. Мемлекет сондай-ақ шығындардың бір бөлігін қаржыландыруға көмек көрсете алады, - деді облыс әкімі.
Үй тұрғындарының айтуынша, бұл тәсіл аула пайдаланушыларының күтіп ұстау жұмыстары бойынша санасын едәуір арттыра түспек.
2021 жылы Орал қаласы бойынша 19 ауланың аумағын абаттандыру жұмыстарына сметалық құжаттама әзірленуде. Өңір басшысы атап өткендей, осындай жұмыс тәсілімен тұрғындардың мүдделерін ескере отырып, үйлерді жыл сайын абаттандыру санын бірнеше есеге арттыруға болады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Әбілқайыр хан даңғылындағы №153, 155/1 үйлер маңындағы аула аумақтарын аралады.
Осы аумақтағы тұрғындар үйлеріне тікелей жақын орналасқан «Жайық» базарын көшіру туралы өтініш білдірген. Осыған байланысты базардың жер учаскесінің меншік иесіне жер учаскесінің нарықтық құнын бағалау актісіне сәйкес тең бағалы жер учаскесі берілетін болды.
Жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша мұнда мемлекет есебінен спорт кешені және балалар ойын алаңы салынбақ. Мердігер «Жайық Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 22,4 млн.теңге сомасына шарт жасалды. Нысан осы жылдың соңына дейін тапсырылуы тиіс.
Кездесуде үй тұрғындарының бастамашыл тобы үйлердің жанында футбол алаңын орнатуға келісімін бермеді. Футбол алаңын бұрынғы базардың орнына ауыстыруды немесе жергілікті тұрғындар пайдаланбайтын көлік тұрағына ауыстыруды сұрады. Қала тұрғындары аулаларды абаттандыру мәселесінде көтерді.
Аймақ басшысы ортақ пікір білдіру үшін әр үйдің тұрғындары өз мүдделерін қорғайтын меншік иелері ұйымының өкілін таңдауы қажет екенін атап өтті. Әрі қарай таңдалған өкілдермен бірлесе отырып шешім қабылдау керек.
- Спорт алаңын МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) өкілі арқылы тапсырғаннан кейін үй тұрғындары балалардың алаңда қай уақытқа дейін ойнай алатынын, тұрақты кімге және қашан пайдалануға болатынын өздері шеше алады, - деді Ғали Есқалиев.
Егер тұрғындар саны өзгерсе спорт алаңын сомасын өзгертпей көшіргісі келсе, онда жобаны іске асыру келесі жылға ауыстырылады, өйткені жаңа жоба қажет болады.
Абаттандыруға келетін болсақ, облыс әкімі абаттандыру бойынша кезекте 300-ге жуық аула тұрғанын атап өтті. Егер орташа есеппен жылына 15 ауланы жабдықтайтын болса, бұл жұмыс 20 жылға созылады. Бұл ретте бұрын жасалған жөндеу уақыт өте келе жаңартуды талап етеді.
- Бұл сіздің меншігіңіз. Аулаңызға қожайын ретінде қараңыз. Өйткені заң бойынша аула тек сізге тиесілі. Бізде жаңғырту бағдарламасы бар, оның аясында сіз өзіңіздің аулаңыздың қандай болатынын таңдай аласыз. Әкімдік жобаны жасап, ұсынып, тіпті іске асыру үшін қажетті соманың жартысын бөле алады. Екінші бөлігін тұрғындар ұзақ мерзімді негізде ең төменгі ай сайынғы төлеммен төлей алады, - деді облыс әкімі.