
Тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тәулік бойы iКomek109 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді. Осы жобаның негізгі әсері коммуналдық кәсіпорындардан ақпарат пен қызметтер алу кезінде халық үшін ыңғайлылықты арттыру, халықтың өтініштерін өңдеу уақытын қысқарту болып табылады. 2024 жылы call-орталығына 82 236 қоңырау түсті. (2023 жылы 86 936 қоңырау түсті). Сондай-ақ 2024 жылы «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау платформасымен интеграция бойынша жұмыс жүргізілді. Сонымен бірге, iKomek109 call-орталығы коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша ғана емес, президент сайлауы, депутаттар сайлауы және т.б. мәселелер бойынша да кеңес береді. Сайлау мәселесін атап өтетін болсақ, депутаттардың сайлауы кезінде «BQOsailau2023» және аудан әкімдерінің сайлауына арналған «Sailau2023bot» телеграмм боттары әзірленіп, белсенді жұмыс істеді.