
⚡️БҚО Цифрлық технологиялар басқармасы «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің жылдық жұмысы талқыланды
Аталған мекеменің 2024 жылы атқарылған жұмыстарын талқылау мақсатында, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – БҚО Жобалық кеңсесінің басшысы Ж.А.Ғұмаровтың төрағалығымен тиісті салалық басқармалар және аудан әкімдіктерімен жиналыс өткізілді.
Жиналыста «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры М.А.Сұлтанғалиев баяндама жасады.
Сондай-ақ «Битрикс» ақпараттық жүйесіне енгізілген Ұлттық жобалар мен Мемлекет басшысының тапсырмалары талқыланып, жобада ауытқулары бар басқармаларға нақты тапсырмалар берілді.
БҚО Жобалық кеңсесі күн сайын облыстық басқармалармен және аудан әкімдіктерімен мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасындағы бірқатар тапсырмалары және үйлестіру-әдіснамалық сүйемелдеу, сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жөніндегі тапсырмалармен үйлестіру-әдіснамалық сүйемелдеу, Ұлттық жобалар аясында, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп», «Қолжетімді интернет» жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Жобалық кеңсенің жыл қорытындысы бойынша өңірлер рейтингінде БҚО Жобалық кеңсесі 2024 жылдың басымен салыстырғанда 16-орыннан 5-орынға көтерілді.