
Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында БҚО Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрғиса Камашев байланыс операторлары, облыстық прокуратура мен Полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселесі болды.
Облыстық прокуратураның өкілі киберқылмыстар санының өсуі, алдау схемаларының таралуы және азаматтарды қорғау шараларын күшейтудің қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Өз кезегінде киберполиция қызметкерлері мұндай қылмыстарды тергеу тәжірибесімен бөлісіп, алаяқтарға қарсы күресте кездесетін басты қиындықтарды атап өтті.
Сонымен қатар жиында байланыс операторлары, құқық қорғау органдары және мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара әрекетті күшейту мүмкіндіктері талқыланды.