
⚡️Ауылдық және шалғай аудандарда цифрлық білімге қол жеткізу туралы
Аталған тақырып аясында БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел жиыны өтті.
Шараға облыстық білім басқармасы мен облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мамандары, «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ басшысы, Теректі, Бәйтерек аудандарының білім беру қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында Цифрлық технологиялар - бұл ақпараттық қоғамдағы өмірге бейімделген тұлғаны тәрбиелеу мен қарқындату және оңтайландыру мәселелерін табысты шешетін құрал екенді айтылып, цифрландырудағы жетістіктер мен проблемалар туралы ақпарат талқыланды. Сондай-ақ қойылған сауалдарға жауап беріліп, қатысушылар өзара пікір алмасты.