
БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нургиса Камашев байланыс операторларымен кездесу өткізді.
2024 жылдың 11 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нургиса Камашев байланыс операторларының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кеңес отырысының негізгі мақсаты телекоммуникация саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және бірлескен шешімдерді әзірлеу болды.
Кездесуде байланыс қызметтерінің сапасына, шалғайдағы елді мекендерді Интернетке қол жеткізуге және операторлар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға байланысты мәселелер көтерілді.
Өңірдің цифрлық инфрақұрылымын жақсарту үшін туындайтын проблемаларды жедел шешу және жаңа технологияларды енгізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша байланыс сапасын арттыру үшін нақты қадамдар әзірленді.