Батыс Қазақстан облысы әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасының "Ақпараттық технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жаңа басшы тағайындалды.

Сұлтанғалиев Махамбет Амантайұлы 1981 жылы дүниеге келген. Білімі — жоғары.
Әр жылдары атқарған қызметтері:
• 2000–2019 жылдары — мемлекеттік органдардың түрлі құрылымдарында қызмет атқарған;
• 2019–2020 жылдары — «Батыс Қазақстан экологиялық-географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінде басшының орынбасары, баспасөз хатшысы;
• 2020–2023 жылдары — БҚО бойынша Халықаралық құқықтық қорғау орталығының филиал басшысы, кәсіби медиатор, баспасөз хатшысы;
• 2023 жылдың қаңтар айынан бастап— Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары;
• 2024 жылдың сәуір айынан бастап — Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы.
Қоғамдық жұмыстары: «Арман-Орал» қайырымдылық қорының құрылтайшысы болған. «Amanat» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы.