
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетов "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) бас атқарушы директоры Е.И. Настрадинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңір аумағындағы, оның ішінде Орал қаласындағы мобильді интернетті кеңейту және жақсарту, сондай-ақ шалғай ауылдардағы байланыс желісі мәселелерінің шешу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, Б.Х. Нарымбетов Beeline компаниясына көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасыларға белсенді көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.