
⚡️ Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру, соның ішінде баспанасыз қалған жандарға тұрғын үй салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
Жаңа тұрғын үйлердің құрылысын қадағалау мақсатында облыс бойынша сегіз елді мекенде 16 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атап айтқанда, Қаратөбе ауданының Қоржын ауылына екі бейнекамера, Сырым ауданының Өлеңті және Бұлдырты ауылдарына – төрт, Теректі ауданының Аңқаты және Подстепный елді мекендеріне – төрт, Бөрлі ауданының Ақсу, Кеңтүбек және Пугачев ауылдарына алты бейнекамера орнатылды.
Кез келген адам бейнебақылау арқылы өңірде жүріп жатқан құрылысты https://www.gov.kz/memleket/entities/qoldau/page/29662?lang=kk сілтемесі бойынша 24 сағат бойы бақылай алады.