
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице министрі Қаныш Аманбайұлы Төлеушиннің Батыс Қазақстан облысының халқымен кездесуі өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметтердің статистикалық сандар дерегі, халыққа арналған цифрлық сервистер туралы, байланыс инфрақұрылымы, IT-стартаптарды қолдау инфрақұрылымдарының алдағы жоспары туралы айтылып, ведомство тарапынан қабылданып жатқан негізгі міндеттерге тоқталды. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қазіргі орын алып жатқан жағдайлар бойынша бірқатар өзекті сұрақтар қойылып, олардың шешілу жолдарын үкімет тарапынан бақылауды күшейтуді тапсырды.