
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арналғаг портал *tasqyn.bkogov.kz*
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында tasqyn.bkogov.kz порталы құрылды. Бұл портал зардап шеккендерге маңызды ақпарат пен ресурстарды ұсынады.
Порталдың негізгі функциялары:
1. Қазіргі уақытта портал Орал қаласы бойынша жұмыс жасап тұр, алдағы уақытта басқа да аудандарда қосылады. Басты бетте ТЖД мен әкімдіктердің кезекші қызметтерінің нөмірлері көрсетілген.
2. Су тасқыны туралы жедел ақпарат: Пайдаланушылар судың толып кетуі, жолдардың жабылуы, гидрологиялық бюллетеньдер және су тасқынына байланысты басқа да маңызды оқиғалар туралы ақпарат ала алады.
3. Эвакуациялық пункттердің мекенжайлары мен байланыстары: Портал эвакуациялық пункттердің телефондары мен нақты мекенжайларын ұсынады.
4. Эвакуациялық пункттердің қажеттіліктері: Портал бөлімінде эвакуациялық пункттердің қажеттіліктері туралы ақпарат көрсетіледі. Бұл көмек көрсетуге ниет білдірушілерге, соның ішінде кәсіпкерлерге, еріктілерге және қорлармен басқа да ұйымдарға арналған. Қажеттіліктерге азық-түлік, гигиеналық құралдар, киім-кешек және басқа да қажеттіліктер кіреді.
Tasqyn.bkogov.kz порталы жаңа ақпараттардың пайда болуына сәйкес үнемі жаңартылып, жетілдіріліп тұрады